• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Көксу ауданында есе…

Көксу ауданында есеп беру–сайлау Конференциясы өтті


Бүгін білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Көксу аудандық кәсіподақ комитеті есеп беру-сайлау конференциясын өткізді.
Оған Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров, Көксу аудандық білім бөлімінің басшысы Тілеумұрат Сейтнязов және 63 делегат қатысты.
Маңызды жиын барысында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Дина Нүсіпова білім ордаларында Елбасының Жолдауы жан-жақты талқыланып, ұстаздар қауымының қолдауына ие болғанын жеткізіп, баяндамасын кәсіподақтық жұмысымен сабақтастырды.
«Комитет құрамында 44 бастауыш кәсіподақ ұйымы, 2225 мүшесі бар. Есеп беру кезеңінде 4 бастауыш ұйымы қосылып, мүшелер саны 85 адаммен толықты. Комитет өз жұмыс жоспарын бір жылға жасап, жоспарға сәйкес комитеттің, атқару комитетінің отырыстары, кәсіподақ белсенділерімен кездесулер ұйымдастырылып, тексеру комиссияларының есептері уақытылы тыңдалды», -деді өз сөзінде ұйым басшысы.
Сонымен қатар, тексеру комиссиясының төрағасы Н.Химич аудандық комитеттің бастамасымен бес жылға жуық уақыт ішінде шипажайларда 227 кәсіподақ мүшесі,186 бала демалғанын және мәдени-көпшілік шаралар тұрақты өткізілгенін айтып, оған жұмсалған қаржының есебін берді.
Белсенді кәсіподақ мүшелері жарыссөзге шығып, комитет жұмысына және тексеру комиссиясының есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.
Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров белсенді комитеттің жұмысына ризашылығын білдіріп, білім және ғылым қызметкерлері Көксу аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы лауазымына Нүсіпова Дина Шаяхметқызының кандидатурасын ұсынды. Конференция делегаттары дауыс беру арқылы алдағы бес жыл мерзіміне төраға ретінде Дина Шаяхметқызын сайлап, Талдықорған аумақтық ұйымының Конференциясына баратын делегаттар тізімін нақтылады.
Шара соңында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен Алтынай Есжанова және қоғамдық жұмыстарда белсенділік көрсеткен Шара Базилова, Фарида Абдраймова, Бижан Андызбаевалар Талдықорған аумақтық ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі
Жарияланған күні: Қаз. 24, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты