Жолдауды насихаттау жұмысы жалғасуда
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері Сарқан аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ермек Алинов Черкасск және Петропавловск орта мектептерінің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында комитет төрағасы Ермек Алинов Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы- халықтық әл-ауқатын жақсартуға негізделгенін айтып, бастамада барлық сала қамтылып, тиісті тапсырмалар берілетінін жеткізді. Оның ішінде адами капиталдың негізі білім саласын ерекше назарға алып, ауқымды мәселелердің бірі- «Педагог мәртебесі» Заңын жоба ретінде қарастыруды тапсырғанын айтты. Бұл қоғамдағы мұғалімнің орны мен рөлін айқындап, мұғалімнің өзіне қалыпты, мүмкіндігі мол ортада жұмыс істеуіне ыңғайлы және жан-жақты қорғалуын қамтамасыз ететін Заң боларына сенім білдірді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері Жолдауға қолдау білдіріп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы шыққалы ұстаздар қауымы ерекше қуанғандарын жеткізіп, пікірлерімен бөлісті.
Кездесу бастауыш кәсіподақ ұйымдарының атқарған жұмысын тексеруге ұласты. Сарқан аудандық кәсіподақ комитетінің есепшісі Сандуғаш Смайлова атқарылған жұмыстардың қағаздарының дұрыс тігілуін қадағалап, әдістемелік көмек көрсетті.
Е.Алинов
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты
Сарқан аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы
-
Фото
-