«Мемлекет пен адамдардың күш біріктіру арқылы әл-ауқаты табысты еңбек қоғамын құру» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді
18-ші қазан күні Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Мақтаарал аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, мектептен тыс мекемелердің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төраға, төрайымдарымен «Мемлекет пен адамдардың күш біріктіру арқылы әл-ауқаты табысты еңбек қоғамын құру» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді. Жоспарға сәйкес Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов пен Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басышысының орынбасары М.Бабашевтар ашып берді және Мақтаарал ауданы кәсіподақ ұйымының маманы Е.Жанисов келген қонақтарға «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына байланысты атқарылатын міндеттер тақырыбында арнайы дайындап келген баяндамасын баяндап берді. Сонымен қатар Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов алдағы уақытта барлық мемлекеттік мекемелерде бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру және қайта сайлау туралы біршама мәліметтерді семинарға келген қонақтарға мәлімдеп, ережелерін айтып өтті. Шара барысында Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысының орынбасары М.Бабашевта Елбасының Жолдауына байланысты сөз қозғап, өз ойын білдіріп өтті. Барлығы 71 мемлекеттік ұйымнан 150-ге тарта қызметкерлер қатысты.
-
Фото
-