• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Еңбек күні мерекесі

Еңбек күні мерекесі


Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жұмысының бір бағыты – еңбек адамының мәртебесін көтеру болып табылады.
2018 жылдың 5 қазанындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы тапсырмаларды орындау, педагогикалық қызметкерлердің қоғамдағы мәртебесін көтеру мақсатында 2018 жылдың 22 қазан күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қосқан үлесі үшін, білім және ғылым саласында көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін облысымыздың үздік ұстаздарына құрмет көрсетуге арналған салтанатты шара өтті.
Шараға шақырылған қонақтар Ақтөбе облысы аймақтық кәсіподақтар Орталығының төрағасы Әмірғалиев Алтынбек Аманұлы, облыстық білім басқармасы, «Өрлеу» педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институтының директоры Абишева Нұргүл Молдабайқызы, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының өкілдері қатысты.
Салтанатты шарада 4 еңбек ардагері, зейнеткер ұстаздар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен мараптталды, олар Ж.Жақыпбекова – Ақтөбе облысы білім басқармасының статистика және есеп бөлімінің маманы, К.Құлтанова – Қарғалы ауданы Ақжайық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, П.Сарышева – Мұғалжар ауданы №1 Қандыағаш орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі, А.Сауырбай – Шалқар ауданы Ақтоғай орта мектебінің мұғалімі. Көп жылдар бойы білім саласында еңбек етіп, әлеуметтік серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқаны үшін «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» күміс төс белгісімен Ақтөбе қаласы №19 орта мектебінің директоры Р.Аманбаева, Ақтөбе облысы аймақтық кәсіподақтар Орталығының Алғыс хатымен әлеуметтік серіктестер Қ.Құлымов пен Н.Кенетаева марапатталды.
Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылық жетістіктері үшін жыл сайынғы дәстүр бойынша облыстың 50 үздік ұстаздары Жамбыл облысындағы «Меркі» шипажайына облыстық кәсіподақ есебінен демалуға Сертификаттар мен облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақтың бірлескен Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сонымен қатар Қазақстан шипажайларында демалуға әлеуметтік серіктес – Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің директоры Н.Унбаев және 5 кәсіподақ мүшесі – «Өрлеу» педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері марапатталды.
Аудандық білім бөлімдері мен кәсіподақ ұйымдарының ұсыныстары бойынша облыстың 16 үздік ұстазы облыстық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен және 50000 теңге көлемінде сыйақыларымен марапатталды. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бастауыш кәсіподақ ұйымының ұсынысымен университеттің 8 қызметкері Құрмет грамоталармен марапатталды.
Шараға аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, ұстаздар, барлығы 120 кәсіподақ мүшелері қатысты, соның ішінде 87 кәсіподақ мүшесі түрлі марапаттарға ие болды.

«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
Жарияланған күні: Қаз. 22, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты