ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ М.ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ 150 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Ағымдағы жылдың қазан айының 6 күні Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданына қарасты Жаңақазан ауылындағы орта мектепке 150 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев қатысты.
Тарихи мектептің біржарым ғасырлық мерейтойына орай, облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы ұжымға кәсіподақ мүшелерін сауықтыру үшін «Сарыағаш», «Борабай» (Зеленый бор) шипажайларына 2 тегін жолдама табыстады.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ