Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің оқу әдістемелік орталығында облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті
Мәжілісте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы жолдауы насихатталды.
Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері және Түркістан облысына қарасты аудандық, қалалық кәсіподақ комитетінің төрағалары қатысты.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек жолдауда айтылған мәселелерге тоқтала келіп, жолдаудың екінші бөліміндегі тұрмыс сапасын арттыру мәселелерінде айтылған бес жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің он пайызына дейін жеткізу, мектепке дейінгі білім сапасын түбегейлі жақсарту, тәрбиешілердің және балабақшадағы қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау, білім алудың қол жетімділігін арттыру, үш аусымда оқыту және апат жағдайындағы мектептерді болдырмау мақсатында Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырды. Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп атап көрсеткен жолдаудағы Елбасы тапсырмасын ерекше атап өтті.
Кәсіподақ еңбек адамының әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғайтын тәуелсіз қоғамдық ұйым болғандықтан кәсіподақ белсенділері Елбасы жолдауын ерекше ықыласпен қабылдады. Мәжіліске қатысушылар «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп, қабылдау қажет: деген мәселелерді білім саласы қызметкерлеріне арналған мәртебе екендігін тілге тиек етті. Педагогтардың мәртебесін көтеру, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайын жақсарту, ұстаздардың Заң тұрғысында қорғалуы бүгінгі жаңашыл ұстаздардың шығармашылықпен жұмыс жүргізуіне жасалған ерекше жағдай деп тұжырымдады.
Мәжілісте білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыруда кәсіподақ белсенділерінің атқаратын жұмыстары жайлы, қызметкерлер арасында туындайтын проблемалық жағдаяттардың шешімі туралы мәселелер де талқыланды.
Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің жаңадан сайланған төрағаларына Түркістан қалалық кәсіподақ комитеті Ақжол тілектерін білдіріп, комитеттің тұрмыс тіршілігінен хабар беретін «Еңбек адамына лайықты өмір» атты өз басылымдарынан шыққан кітапты тарту етті.
Кәсіподақ – еңбек адамының әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғайтын тәуелсіз қоғамдық ұйым болғандықтан, Облыс көлемінде алғашқылардың бірі болып Түркістанда ашылған оқу әдістемелік орталықтың берері мол екені мәжіліс барысында өз нәтижесін көрсетті. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен кәсіподақ белсенділеріне берілетін әдістемелік көмек орталықтан басталады. Кәсіподақ мүшелерінің еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық мәліметтер беру, оқу семинарларын ұйымдастыруда оқу әдістемелік орталық – кәсіподақ белсенділерінің бастау бұлағы. Орталықта облыс, республика, шетел және халықаралық семинарлардың өтуі осының дәлелі. Туыстас түркі елінің кәсіподақ белсенділері жыл сайын әдіс алмасу мақсатында әдістемелік орталықта болып, комитеттің атқарып жатқан жұмыстарымен танысады. Азербайжан, Малазия, Филиппин сынды мемлекеттерден ректорлар келіп лекция оқып кәсіподақ белсенділерінің бір мақсатта еңбек ететін, еңбек адамының құқықтық қорғалуы басты назарда болуын бірлесіп қуаттайтынымызды атап өтті.
Облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен мүделлерін қорғауда тың әрі жаңа талаптарға сай мәселелердің орындалуына барлық күш – жігерімізді жұмсайық деген мәмілемен жиын қортындыланды.
Түркістан қалалық білім және ғыдым қызметкерлері
кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Турманова
-
Фото
-