Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің кезекті кеңесі өтті
2018 жылдың 13-ші қазаны күні сағат 10.00-де "Кәусар" гимназиясының базасында Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің кезекті кеңесі өтті.Кеңестің күн тәртібінде білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің кезекті XVII-ші конференциясын шақыру және кеңес құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде мәселелер қаралды. Конференцияның күн тәртібін, жұмыс тәртібін және делегаттардың өкілеттік нормасын бекіту жөнінде, сондай-ақ кеңес құрамына толықтырулар мен өзгерістер енгізулер жөнінде жасалған ұсыныстар талқыланып, қаулылар қабылданды. Кеңес мәжілісін комитет төрағасы Сәдірмек Әлдібек Шынасылұлы жүргізді,сондай-ақ кеңеске аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаxанбетқызы кеңестің мүшесі ретінде қатысты.