Есеп беру-сайлау Конференциясы Текелі қаласында өтті
Биыл кәсіподақтар үшін ерекше жыл. Себебі, 5 жылда бір өкізілетін есеп беру-сайлау жиналыстары жалғасуда. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Кеңесінің 2018 жылдың 21 ақпанындағы № 4 Қаулысына сәйкес Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты 350-ден астам бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жиындар ұйымдастырылды.
Аталмыш шара аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінде жалғасын тапты.
Алғышқылардың бірі болып, маңызды шараны білім және ғылым қызметкерлері Текелі қалалық кәсіподақ комиттеті өткізді.
Оған «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ә.С.Қыдырманов, білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы С.Әбдіқадыров, қалалық білім бөлімінің басшысы З.Игембаева және бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты.
XVI есеп беру-сайлау Конференциясында қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Тұрсынғалиев Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттап, кәсіподақтық 2014-2018 жылдар аралығында атқарған жұмысына тоқталды.
Онда ұжымдық шарттың орындалуы, қауіпсіздік техникасын сақтау және еңбекті қорғау жайын сөз етіп, кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын жақсарту, демалысын ұйымдастыру жұмысына үлкен көңіл бөлінгенін атап өтті.
Құрамында 15 бастауыш кәсіподақ ұйымы, 1020 мүшесі бар комитеттің жұмысы сараланып, кәсіподақ мүшелерінен жиналған жарнаның қайда және қайдай мақсатта жұмсалып жатқанын тексеру комиссиясының төрағасы Л.Величко егжей-тегжейлі айтып берді.
Конференция делегаттары дауысқа салу арқылы есеп беру мерзіміндегі жұмыс қорытындыланып, қалалық комитеттің төрағасы ретінде Асан Ақжолтайұлы келесі 5 жылдыққа төраға ретінде қайта сайланып, кәсіподақ ұйымының келешекте міндеттері нақтыланады.
-
Фото
-