ЕҢБЕК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Осыдан бес жыл бұрын Елбасының Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күні болып жарияланғаны белгілі. Бұл мейрам Мемлекет басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру тапсырмасы аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, өндірістік қызметкерлерді ынталандыру, жұмысшы мамандықтарын насихаттау арқылы жастардың жұмысшы кәсібіне деген қызығушылығын оятуды көздейді. Көпжылдық еңбек дәстүрлерін сақтап, нығайту мақсатында өз ісінің нағыз маманы болған, қарапайым жұмысшылықты отбасылық кәсіпке айналдырған еңбек майталмандарын ұлықтау да осы күні жүзеге асырылады. Оны мерекелеу дәстүрімізге де енді.
Мерекелік шаралардан Кәсіподақтың аудандық құрылымдары да тыс қалған жоқ.
Жамбыл ауданы:
Жамбыл ауданы Гродекова , Қ.Сартбаев орта мектебі ұжымдарында 28 қыркүйекте «Еңбек күні» мерекесіне орай спорттық ойындар өткізілді. Жарыстың жеңімпаздарына грамоталар мен сыйлықтар тапсырылды.
1 қазан қарттар күніне арналған «Бейнет түбі -зейнет», «Мен әжеммен мақтанамын», «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында «Ертөстік», «Жас қанат», «Нұр шуақ» бөбекжайларында білім саласының қызметкерлері болған ардагерлер шақырылып, мазмұнды іс-шара өткізілді. Ардагерлер жастарға өз жұмыс тәжірибелері жайлы, өткен өмірлерінен сыр шертті. Бөбекжайлардың кәсіподақ ұжымдары ардагерлерге салтанатты дастархан жайып, ардагерлер батасын алды.
«Еңбек күні» мерекесі ұстаздардың кәсіби «Мұғалім күні» мерекесімен қатар келуіне байланысты, осы атаулы мерекеге аудандық іс шара 2018 жылғы 5 қазанда Тараз қаласында Арай Плаза салтанат сарайында өткізілді. Жиынға білім саласының 250 қызметкерлері қатысып, 7 үздік номинация иегерлері арнайы дипломдар мен аудандық Филиал қаржысы есебінен бағалы сыйлықтар, барлық қатысушы ұстаздарға гүл шоқтары берілді.
Мерекелік іс-шараның жалғасы ұстаздар мен оқушылардың концертіне ұласты.
Шақырылған қарт ұстаздармен, қонақтарға мерекелік дастархан жайылды.
Байзақ ауданы
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім –тәрбие бру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде білім саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, «Мұғалім –мектептің жүрегі» атты салтанатты жиын өтті. Жиын қатысушылары мәдениет үйінің фойесінде «Гүлдер фантазиясы» атты көрмені тамашалады. Мерекелік кеш Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясы оқушыларының электронды биімен ашылып, бейнеролик арқылы балалардың ұстаздары туралы ой-пікірлеріне жалғасты. Сонымен қатар, №1 мектеп-гимназиясының орындауындағы «Ұстаз-ана» әні шырқалып, жаңалықтар топтамасы көпшілік назарына ұсынылды.
Салтанатты жиында мінберге көтерілген аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бір топ ұстаздарды грамоталармен марапатталып және ауданның 6 мектебі, 1 балабақшасы арнайы материалдық-техникалық жабдықтармен марапатталды. Осы кәсіби мерекемен қатар келген «Қарттар күні» мерекесіне орай аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен бір топ ардагер ұстаздарға да мерекелік сыйлықтар табыс етіліп, ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді. Мерекелік шара оқушылардың орындауындағы «Ұстазым» хорымен аяқталды.
Т.Рысқұлов ауданы:
«Еңбек күні» мерекесі мен 1 қазан Қарттар күні қарсаңында Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 25 қыркүйек күні «Еңбегіне қарай құрмет, жасына қарай ізет» тақырыбында іс шара ұйымдастырды. Іс – шараның негізгі міндеті: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас –көз бола білген ауыл қарттарына құрмет көрсету, еселі еңбегімен ерекшеленіп жүрген педагогтарды мадақтау.
Іс-шараға ұстаздық қызмет атқарып, бір ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған білім беру саласының ардагерлері, қоғамдық жұмысқа белсене атсалысып, бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері болып зейнетке шыққан ардақты ұстаздар, үздік ұстаздар және еңбек жолын енді бастаған жас мамандар шақырылды. Жалпы іс-шараға 102 кәсіподақ мүшесі қамтылды.
Білім бөлімінің басшысы Е.Сейтжапаров ақсақалдар алқасының төрағасы Қ.Бижанов, аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы А.Баймұратова келген қонақтарды «Еңбек күні», «Қарттар күні», мерекесімен құттықтап ізгі ниеттерін білдірді. Іс шара барысында жас мамандар кәсіподаққа мүше болып қабылданды. Іс-шара соңында келген қонақтарға естелік сыйлықтар табысталып, мерекелік бағдарлама тарту етілді.
Жалпы іс-шараға 14 зейнеткер, 12 білім саласының ардагерлері, 7 үздік педагог, 10 жас маман барлық білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері қатысты.
Аудандық комитет Ұстаздар меркесіне орай бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Барлық білім беру ұйымдарында Ұстаз мәртебесін арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараларға ардагерлер мен Қазақстанға белгілі мектеп түлектері шақырылды. Ауданды «Ұстазым ұлық бәрінен» тақырыбында жас мамандардың білім саласының ардагерлерімен кездесуі Ш.Уәлиханов атындағы олрта мектептің базасында өткізілді. Аудан бойынша инновациялық бағытты жұмыс жасайтын ұстаздармен «Шеберлік – шыңға жетелейді» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Сонымен қатар мұғалімдер күні мерекесіне орай 5 қазан күні аудандық мәдениет үйінде «Ұстазға тағзым!» атты салтанатты жиын өткізілді. Аталған іс-шараға аудан әкімі А.Қырықбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Қ.Арыстанбеков, Т.Рысқұлов аудандық маслихат хатшысы Т.Жаманбаев, «Құлан таңы» газетінен тілшісі, барлық білім мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері білім саласынан зейнетке шыққан ардагер ұстаздарды, «Үздік педагогтар» және биылғы оқу жылында қабылданған жас мамандарға ізгі тілектерін білдіріп, естелік сыйлықтар табыстап, «Үздік педагог» атанған қызметкерлерге кәсіподақ ұйымының атынан магниттік-маркерлік тақта берілді.
Талас ауданы:
2018 жылдың 2 қазан күні Қаратау қаласындағы Өнер мектебінің мәжіліс залында барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен семинар Кеңес өткізіліп, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні мерекесі болып белгіленгені, осы мерекені барлық қазақстандықтар атап өтіп жатқандығын айтып, барлық бастауыш қәсіподақ ұйымдарында іс-шаралар ұйымдастырып атап өту туралы ұсынылды.
Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы Талас ауданының білім саласын басқарған, ардагер ұстаз Шоңов Шәйбекке 1 қазан «Қарттар күні» мерекесіне орай аудандық ардагерлер Кеңесі төрағасы орынбасары Нұрпейісов Құрал Қаламұлы, білім саласының ардагерлер Кеңесінің төрағасы Нұрұлы Ілес және Талас аудандық білім және ғылым қызметкерлер кәсіподағының төрағасы Миралиев Мадиярбек Дүйсенәліұлы арнайы барып құттықтап, сый-сияпаттарын тапсырды.
Осы ретте, «Еңбек күні»мен қатар келген «Мұғалім күніне» орай 4 қазан күні Қаратау қаласындағы «Ұлбике» атындағы мәдениет үйінде іс – шара өткізіліп, онда кәсіподақтың дамуына өздерінің үлесін қосқан кәсіподақ белсенділері (мекеме басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері) арнайы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына еңбегі үшін төс белгісімен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен, Облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ ұйымының бірлескен Құрмет грамоталары және облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталса, ал ұзақ жылдар бойы білім саласында қызмет атқарып зейнетке шыққан 10 ардагерге арнайы сый-сияпат жасалды. Мұғалімдер күні мерекесінің аяғы мәдените үйінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Сарысу ауданы:
«Жұмыс орнындағы стресске жол жоқ», «Қауіпсіз еңбек жасасын!» «Қауіпсіз еңбек – лайықты еңбек» тақырыптарында дөңгелек үстелдер және «Еңбекті қорғау – әрбір азаматтың міндеті», «Лайықты еңбекке- лайықты демалыс» тақырыптарында қызметкерлер, білім алушылар мен ата-аналарға арналған коучинг – сабақтары ұйымдастырылды.
Маңызды іс-шаралардың бірі – елімізде жыл сайын 1 қазан аталып өтетін «Қарттар күні» мерекесі. Аталған мерекені атап өту үшін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен мекемедегі тәрбие орталығы мен сынып жетекшілер бірлестіктерімен біріге отырып «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» атты тәрбие сағаттары өтті.
Осы ретте, 5 қазан «Мұғалімдер күні» аудандық мәдениет үйінде мерекелік салтанатты кеш өтті, Ұстаздарды аудан әкімі, аудандық маслихат, аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті құттықтады. Ұстаздарға грамоталар мен бағалы силықтар тапсырылды. Мерекелік іс-шараға ауданның ардагерлері шақырылып, ардагер ұстаздарға сыйлықтар мен гүл шоқтары берілді.
Орта білім ұйымдарының 2017-2018 оқу жылы ретинг қорытындысына сәйкес «Инновациялық режимдегі мектеп» номинациясы бойынша Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясына ақшалай сертификаты аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан табыс етілді.
Шу ауданы:
28 қыркүйек «Еңбек күні» мерекесін өткізу мақсатында іс-шара жоспары құрылып білім мекемелерінің барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдардында жоспар бойынша әр түрлі деңгейдегі іс-шаралар өтті. Еңбекші орта мектебінде «Еңбек – бәрін жеңбек» атты кәсіподақ мүшелерінің арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Сондай-ақ, М.Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек мектебінде Аудандық комитеттің ұйымдастыруымен «Тәртіптік шара қолдану» тақырыбы аясында білім мекемелері басшыларымен оқу семинары өткізілді. Семинарда еңбек тәртіптемесі, еңбек тәртібін бұзғандығы үшін жауапкершілік, тәртіптік жазаны қолдану тәртібі және т.б. сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарына өз дәрежесінде жауаптар алынды. Осы семинарға 70 адам қатысты.
1-қазан Қаттар күні мерекесіне орай, ауданымыздағы ардагер ұстаз Тұрлымбаева Тұрсын апаға 10000 мың тенге көлемінде шай пакеті мен сыйлық табыс етілді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында да бұл мереке шеттен тыс қалған жоқ. Атап айтсақ, Еңбекші, № 18 М.Әуезов, Алға, М.Әуезов, Абай және т.б. мектептерде «Атаға құрмет», «Қарттар- тарих,қазына ,ел қазығы», «Қарты бар елдің – қазынасы мол» атты мерекелік іс шаралар, акциялар, сенбіліктер өткізілді. Акция барысында ардагер ұстаздарға құрмет жасалып, сенбіліктер ұйымдастырылып, сыйлықтар табыс етілді.
2018 жылдың 4 қазанында аудан көлемінде «Мұғалімдер күні» мерекесі жаңаша форматта аталып өтті. Бұл жиынға ардагер ұстаздар мен бұрыңғы мекеме басшылары, білім мекемелерінің басшылары, бөлім басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары шақырылды. Оларға сый құрмет көрсетіліп, дастархан жайылып, ардагер ұстаздарға және зейнетке шыққалы тұрған мекеме басшыларына, әртүрлі номинация иегерлеріне бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мерекеге 160 кәсіподақ мүшелері қамтылды. Жиын мерекелік концертпен аяқталды.
Мұғалімдер күнімен қатар келген 6 қазан Есепшілер күні де назардан тыс қалған жоқ. Аудандық білім бөлімінің есепшілері құттықталып, сыйлықтыр табыс етілді.
08.10.2018 жылы № 40 орта мектебі базасында барлық білім мекемелерінің техникалық инспекторларымен және өндірістік кеңес мүшелерімен «Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбында семинар практикум өткізу жоспарланып отыр.
Қордай ауданы:
«Еңбек күні», 1 қазан «Қарттар күні» және ұстаздар мерекесіне орай барлық білім ошақтарында іс-шаралар ұйымдастырылды. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарына жоғарыда аталған мерекелерді өз деңгейінде өткізу туралы хат жолданды. Олар өз кезегінде аталған мерекеге ат салысып, спорттық жарыстар, дөңгелек үстелдер, қарттарға арналған мерекелік дастарқан жайылып , бағалы сыйлықтар беріліп және концерттік қойылымдар ұсынды.
Сонымен қатар аудандық кәсіподақ комитеті 2 қазан күні аудан орталығының №51 орта мектеп базасында, бастауыш кәсіподақтар мен бас қосып, мереке қарсаңында семинар кеңес өткізіп, «Еңбек күніне» орай тиісті сала қызметкерлеріне бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар, грамоталар тапсырды. Семинар соңы мерекелі дастархан басында өз жалғасын тапты.
Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінде 5 қазан күні «Қарттар күні»мен «Мұғалімдер күні» мерекесі тұспа-тұс келуіне байланысты үлкен іс-шара өткізіліп, аудан әкімдігі мен маслихат хатшысы білім саласының қызметкерлеріне өз құттықтауларын жолдап, алғыс хаттармен бағалы сыйлықтар тапсырды. Мерекелі шара әлеуметтік әріптесімізбен бірлесіп өтті.
Жуалы ауданы:
«Еңбек күні» мерекесі орай қыркүйек айының 26- шы жұлдызында мектеп директорларының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарлары мен балабақшадағы шаруашылық меңгерушілеріне «Шаруашылық қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысныда түскен сауалдарға құқықтық иснпектор Орынбаева Г.Б. мен филиал төрайымы Г.Қадырбек жауап берді.
Ұстаздардың кәсіби мерекесі күніне орай «Ұстаз – ұлы есім» атты салтанатты іс-шара «Достық»мәдениет үйінде 5 қазан күні өтті. Аталған іс-шараға сала ардагерлері Ә.Ергебеков, Ә.Дәуренов, К.Бегайдарова, К.Кайпова, С.Алтаев, С.Бидайшиева, В.Письмак, Ж.Тажибаева, Г.Байқожа, Ұ.Сапарова, А.Аханұлы қатысты.
Ұстаздар күні – барша қауым болып ерекше ықылас, аса құрметпен ұстаздардың еңбегін бағалайтын мереке. Аталған мереке білім саласындағы жемісті еңбегі мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін Аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің марапаттарымен марапатталды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Уркумбаев, мәслихат хатшысы Е.Тілеубеков, білім бөлімінің басшысы М.Айжанов, кәсіподақ төрайымы Г.Қадырбек жүрек жарды құттықтай отырып, сала бойынша марапат жүргізді.
Мойынқұм ауданы:
Мойынқұм ауданы «Еңбек күні»мен «Қарттар күні», «Мұғалімдер күніне» орай «Баскетболдан» кәсіподақ мүшелері арасында аудандық Спорт кешенінде турнир өткізді. Турнирге балабақша мен мектептерден құрылған 16 команда қатысып, оның ішінде I –М.Жұмабаев орта мектебі, II – орынды Жамбыл мектеп гимназиясы, III – орынды Т.Рысқұлов трек мектептері иеленді. Олар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.
Мұғалімдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиын 2018 жылдың 9 қазанында Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде өтті. Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Ұстаздар марапатталды.
Меркі ауданы:
"Ұстаз-ұлық емес,ұлы қызмет" атты мұғалімдер күні 2018 жылдың 2 қазан күні аталып өтті.
Мерекелік шараға аудан әкімі Омірбеков Мейірхан Азатұлы бастаған ауданның мекеме басшылары мен округ әкімдері, ардагер ұстаздар мен шығармашыл мұғалімдер, олардың жас ізбасарлары да ұлық мерекенің құрметті қонақтары болды. Аудан әкімі – Омірбеков Мейірхан Азатұлы, ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, аудан мектептерінің ең кәсіби білікті ұстаздарын аудан әкімінің, аудандық маслихаттың, Нұр Отан партиясының, облыстық білім басқармасы мен білім қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен және 20 мұғалім 50000 тг. көлеміндегі сертификаттармен марапатталды. Салтанатты кеште шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының оқушылары мерекелік концертке жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Аудандық Балалар мен жасөспірімдердің «Үміт» сарайының фаесінде «Жылдар. Уақыт ізі. Ұрпақтар сабақтастығы» айдарымен суреттер галереясы ұйымдастырылып, кезінде ауданымыздың білім саласын биікке көтерген ардагер ұстаздар мен бүгінгі таңда ұстаздақ мамандықты абыроймен атқарып жүрген мұғалімдердің суреттері қойылды. Сондай-ақ, Астананың 20 жылдығына арналған дәстүрлі гүл көрмесі өтті. Көрменің қорытындысы бойынша жеңімпаз мектептерге бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Тараз қаласы:
Тараз қалалық комитеті, биыл үшінші рет атап өткелі отырған «Еңбек күні» мерекесіне орай кызмет көрсетуіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарына атаулы мерекені атап өту мақсатында мекемеде іс-шаралар ұйымдастыру тапсырылды.
Осы атаулы мереке қарсаңында еңбек ұжымының құқығын қорғаудағы қоғамдық негіздегі жұмыстарына алғыс айтылып, кәсіподақ белсенділеріне Тараз қаласының № 12 мектеп-гимназиясында іс-шара ұйымдастырылды.
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында бастауыш кәсіподақ комитеттерінің бастамасымен мерекеге орай ардагерлермен кездесу, дөңгелек үстелдер, спорттық іс-шаралар және сенбіліктер ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, қалалық комитет тарапынан мереке қарсаңында мүшеліктегі білім беру ұйымдарында еңбек ететін бірқатар кәсіподақ мүшелеріне қайырымдылық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, аталмыш мерекемен тұспа-тұс келген «Мұғалімдер күні» ұстаздардың төл мерекесі білім бөлімене қарасты білі беру ұйымдарының педагог қызеткерлеріне Тараз қалалық комитеті мен Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен № 3 мектеп–лицейінің мәжіліс залы безендіріліп, ардагер ұстаздар мен үздік педагог қызметкерлерге сый-сыйяпат көрсетіліп, салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ардагерлер кеңесі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, ректордың қолдауымен 1 қазан – «Қарттар күні» атап өтті. Осы күні университетімізде ардагерлердің басы тағы бір қосылып, мәре сәре болатыны бар. Оларға деген құрмет ұмыт қалған емес, дегенмен осы күні ардагерлер үшін ақ дастархан жайылып, құрмет пен ілтипат ерекше көрсетілді.
Дәстүрлі жиынды университет ректоры п.ғ.д. профессор Махметғали Нұрғалиұлы құттықтау сөзімен ашып, өзінің ақ жарқын тілегін білдірд. Осы жылы мерекенің университетіміздің 60 жылдық мерейтойымен қатар келіп отырғанын айтып, барлық ардагер ұстаздарға оқу орнының дамуына қосқан үлесі мол екенін тілге тиек етті. Білім ордасының 60 жылдығы құрметіне орай университетке сіңірген еңбектері үшін әрбір ардагерге медаль мен ақшалай сыйақы табыс етілді.
Ақ дастархан басында бата, тілектер айтылып, өз естеліктерімен бөлісті. Құрметті қонақтарға арнап «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттері әннен шашу шашты.
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті
Қазан айының 4 жұлдызында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің педагог кадрлары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Университет басшылығының тапсырмасымен жыл сайын ауқымды көлемде аталатын мейрам биыл да өз деңгейін түсірген жоқ. «Ұстазым» әнімен басталған шараның концерттік бағдарламасы талғампаз қонақтың да көңілін көншітті.
Мың бұралған талдырмаш сұлу бойжеткендерден құралған «Томирис» бишілер тобының орындауында «Қазақ» биі, «Джаз» биі мен заманауи нақышта қойылған «жастар» биі биленді. Тәңірберген Төлеби «Қазақ елі»әнін, ал Нармин тобы «Қазағымсың» әнін шырқады. Көне Тараз» фольклорлық ансамблінің орындауында «ерке сылқым» күйі тартылып Жансарай халықтық театрының актерлері сахналық қойылым қойды.
Кештің ең қызықты сәті ретінде ұстаздарды марапаттау салтанатын атасақ болады. Бұл құрмет ТарМПУ ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ержан Әмірбекұлына берілді.
Қариясы бардың қазынасы бар» - деп өскен біздер үшін үлкеннің ақылын алып, өмірлік тәжірибесін үйрену - ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын өнеге, - деп Елбасымыз атап көрсеткендейардегерлерге қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет.
Ардагерлерге арналған жиын барысында Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының м.а., э.ғ.к., доцент Орынқыз Көпбосынқызы ардагерлерімізге арнайы алғыс хаттарын табыстады. Қатысушыларымызды тек құттықтап қана қоймай қосымша музыкалық нөмерлерде орын алды.Ардагерлерімізден құралған топ Шәмші Қалдаяқовтың әңдерін орындаса, Мәдібек Айбектің «Туған жер» және Алипбаев Жандостың және Аманов Нұрбектің орындауында «Астана» әні шырқалды. «Томирис» бишілер тобы «Вальс» биін қатысушы көрермендерге ұсынды. Жиын соңында ТарМПУ кәсіподақ ұйымы келген ардагер оқытушыларға гүл шоқтарын тарту етті.
Кәсіподақтың Жамбыл облыстық
ұйымының аппараты
10 қазан 2018 жыл
-
Фото
-