• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТАРАЗДЫҚ ҰСТАЗДАР Ұ…

ТАРАЗДЫҚ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ


Білім күні қарсаңында Тараз қаласында ашылған №3 мектеп-лицейдің мәжіліс залында ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Шараға Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов, қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков пен Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің облыстық департаментінің басшысы Дамеш Ускембаева, қала ұстаздары мен сала ардагерлері қатысты.
Мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен ашылған шарада Тараз қаласының әкімі алғашқы құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарды мерейлі мерекелерімен құттықтады.
- Мұғалім ең ізгі әрі қиыншылығы мол, жауапкершілігі жоғары мамандық. Қаладағы 110 білім беру ұйымдарындағы 70 717 оқушы мен 18 803 тәрбиеленушіге 8540 ұстаз тәлім-тәрбие беруде. Ұстазға қойылар талап та, міндет те күннен күнге күшейіп келеді. Соған қарамастан оқушылар да, ұстаздар да республика көлемінде үздік көрсеткіштер көрсетіп жүр. Құрметті ұстаздар! Кәсіби мерекелеріңіздің қарсаңында еңбектеріңізге табыс тілеймін! Шәкірттеріңізбен өткен әрбір күн сіздерге тек қуаныш сыйласын. Отбасыларыңыз бақыт пен құт-берекеге толып, отбасыларыңызда сыйластық пен сүйіспеншілік орнасын. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жас әрі шуақты болсын! – деді шаһар басшысы өз сөзінде.
Мерекелік шара барысында Тараз қаласының үздік ұстаздары ҚР білім және ғылым министрінің, облыс әкімінің құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» және Ы.Алтынсарин төсбелгілерімен, Тараз қаласы әкімінің және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрмет грамотасы мен төсбелгілерімен марапатталды. Барлық марапат иелеріне Кәсіподақтың Тараз қалалық комитетінің атынан бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, шара барысында қаланың 10 ұстазы «Озат педагог» номинациясы бойынша марапатталып, 100 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Шара соңы мерекелік дастархан мен қала мектептерінің жас өнерпаздарының концертіне ұласты.

Перизат БАҚЫТ
Жарияланған күні: Қаз. 10, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты