«Мен – волонтер» деген акция өтті
Ағымдағы жылдың 6-30 қыркүйек аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жас волонтер» жобасының жүзеге асыру мақсатында Павлодар облысы Успен ауданының Константинов, Лозовое, Галицкое Успенка ауылдарында «Мен – волонтер» деген акция өтті.
Іс-шараға қатысушылар ретіндегі 5-11 сыныптың оқушылары өздеріне волонтерлік туралы бейнематериалдар алып, тренингтерден өтті. Жас педагог, аудандық жастар кеңесінің төрайымы Айнагүл Сабитова балалардың бос уақытын қамту мақсатында өз ауылдарында волонтерлік іспен айналысуға шақырады. Оқушылар сұхбат барысында кез-келген ауылда не қалада қол ұшын қажет ететін қарттар мен балалар барын айтты. Кеш соныңда оқушылар қонақтармен естелік суретке түсіп, оларға өз ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.
Айнагүл Сабитова, Павлодар облысы
Успен ауданының Жастар кеңесі төрайымы
-
Фото
-