• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Жетісу жерінде «Құр…

Жетісу жерінде «Құрметтейік ұстазды» атты салтанатты қабылдау өтті


Республикада Елбасының бастамасы бойынша өткізілетін реформаларды жүзеге асыруда қазақстандық мұғалімдердің қосар үлесі ұшан теңіз. Мемлекет басшысы «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр», - деп мұғалім рөлін жоғары бағалаған болатын. Осы ретте, өскелең ұрпақты тәрбиелеуші мұғалімдердің кәсіби мерекесіАлматы облысының орталығында аталып өтті.


Күні кеше облыс әкімі А.Баталов жетісулық ұстаздарды құттықтаса, бүгін білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымы «Құрметтейік ұстазды» атты салтанатты қабылдау өткізді.


Мерекелік басқосуға сала ардагерлері, оқу орындарының басшылары, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен белсенділері, барлығы 40 астам ұстаз шақырылды.


Шара барысында ұйым төрағасы Садық Нұрсапаұлы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріне шын пейілмен алғыс айта отырып, білім және кәсіподақ салаларын дамытуда өз үлесін қосқан бірқатар азаматтарға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының наградаларын тапсырды.


Атап айтқанда, Қаратал, Көксу, Панфилов аудандарынан шақырылған Е.Коханова, Н.Беркімбаева, Р.Әлімжановалар «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін иеленді. Ал Қаратал ауданы Горький атындағы орта мектебі директорының орынбасары Ж.Темірбекова, Кербұлақ ауданы Уәлиханов атындағы орта мектебінің мұғалімі Г.Жоламанова, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Н.Теңізбаев орталық комитеттің Құрмет грамотасымен марапатталды.


Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өркендеуіне үлес қосқан кәсіподақ белсенділеріне алғыс хаттар пен сыйлықтар табыс етті.


Жиынға қатысқан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, зейнеткер ұстаз Маман Оспанов мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.


Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі

Жарияланған күні: Қаз. 4, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты