• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «Қалдырған ізің мәң…

«Қалдырған ізің мәңгілік...»


Осынау бір күздің жанға жайлы жаймашуақ, көпшіліктің қамбасы толар молшылық кезімен қатар келетін, ғалым да кенші де ұлағат тұтып, алдында бас иетін қадірлі Ұстаздар қауымының мерекесі қарсаңында аудандық білім бөлімі мен аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен үлкен мәдени іс-шара өткізілді. Мәдени шараға аудан әкімі Ғ.М.Әміреев, мекеме басшылары, ардагер ұстаздар, өз саласының үздігі-бүгінгі майталман ұстаздар шақырылды.
Ұстаздарды төл мерекесімен құттықтай отырып аудан әкімі бір топ ұстаздарға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы құрмет грамотасын табыстады. Бұл құрметке №160 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Шайқысламов Қайрат, №169 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тұрғанбаев Жолдас, «Балғын» балабақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жүсіпова Әсемкүл ие болса ,ал арнайы Дипломмен «Балалар және жаз» Республикалық байқауының жеңімпазы Жаңақорған ауданы №51 орта мектеп жанындағы «Ұлан» лагері марапатталды.
Өзінің өмір жолын ұлағатты ұстаз болумен қатар ұжымын ұйытқан білікті басшы, өзіндік дара жолдары бар, заманауи саясатымен, жаңа істерімен жаршы бола білген зейнеткерлікке шыққан бір топ ардагер ұстаздар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлық ретінде қазақтың қазақтығын қайда болса да паш ететін қара домбыра табыс етілді.
Ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтаған аудандық білім бөлімінің басшысы Б.М.Иирагимов, білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.М.Сатершинов Тәуелсіз еліміздің кемел болашағын қалыптастыру жолында жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қажырлы еңбегі, шығармашылық ізденісі және белсенді қызметтері үшін бір топ ұстаздарды облыстық білім бөлімі мен облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен, аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапаттады. Бұлардың қатарында ерен еңбегімен шәкірт жүрегінен орын алып, құрметіне бөленіп жүрген ұстаздар №54 орта мектептен Айменова Меруерт, №163 мектептен Шерова Несіпкүл,.№229 мектептен Минапова Кулайым, №169 мектептен Искакова Гуля, №167 мектептен Әбуталипова
Гүлнар, №125 мектептен Бегентаева Ғалия, «Балауса» балабақшасынан Қалдыбаев Жадыра т.б. бар.
Ардагерлерді құрмет тұтқан,жастарды еленген еңбектерімен марқайтқан ізгілікті шараның өн бойы аудан өнерпаздарының ән-жырымен, әсем билерімен өрнектеліп отырды. Шара соңында ардагер ұстаздар атынан
ардагер – ұстаз, ақын, Елбасының Алғыс хатымен марапатталған, бірнеше жинақ авторы және Күміс алқа иегері Баязитова Хадиша және Жаңақорған ауданының ардагер – ұстазы, ҚССР оқу ісінің, ҚР білім беру ісінің үздігі. Қазақстан Республикасының Құрмет ордені, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері Шермағанбетов Зинабдин , ал жас ұстаздар атынан Айнақожаев Еркінбек және Маханова Айданалар сөйлеп, бүгінгідей мағыналы, үлкен тәрбиелік мәні бар ауқымды шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі, үлкендер ақ баталарын берді. Шара соңы әсем әнге жалғасты.


Айсұлу Пазылова,
Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы
Жарияланған күні: Қаз. 4, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

  • ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ …

    ♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты