• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК ЕТКЕН – МҰРАТ…

ЕҢБЕК ЕТКЕН – МҰРАТҚА ЖЕТКЕН


Міне, осындай тақырыпта шаһар орталығындағы Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен бірнеше салалық кәсіптік одақтар ұйымдарының бірлескен шарасы өтті. Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен елімізде белгіленген «Еңбек күні» мерекесін лайықты атап өту болатын. Бұл мерекеге аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдениетінің дамуында ерекше қолтаңбалары бар қарапайым еңбек адамдарымен қатар, кәсіподақ қозғалысының белсенді ардагерлері де шақырылды. Халқымызда «Еңбек түбі – зейнет» деген аталы сөз бар. Сондықтан еңбектің берекелі жемісін көру – әр адамның асыл мұраты. Салтанатты жиынға қатысқан Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Шапкенов Серік Жамбылұлы құттықтау сөз сөйлеп, өңір экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бір топ еңбек озаттарын облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Олардың арасында «қара алтын» өндірген мұнайшы-оператордан бастап төрт түлік өсірген малшы, техника тізгіндеген жүргізуші, адам жанын күзеткен дәрігерден бастап кіші медбикеге дейін, кітапханашы мен журналистер де бар болатын.
Бұл күнгі құрметтен аз ғана еңбек ақыны місе тұтқан бюджеттік мекемелердің техникалық қызметкерлер санатына қосылатын тазалықшы, аула сыпырушы, күзетшілер мен жылу мен суға жауапты шеберлеріде тыс қалмады. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Сүндетұлы облыста білім беретін мекемелердің 10 қызметкеріне ақшалай сыйлық табыстады. Дәл осындай құрметті басқа да салалық кәсіподақтар ұйымының жетекшілері өз мүшелеріне көрсете білді.
Еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін арттыруға септігін тигізген аталмыш шараның жастарға тигізер пайдасы орасан зор. Осы тұста салтанатты жиынға кәсіптік-техникалық колледжілер оқушыларының шақырылуы ойластырылған іс болды. «Еңбек күні» мерекесіне бірнеше республикалық БАҚ өкілдері шақырылып, нәтижесінде оның жариялылығы жан-жақты көрініс тапты.

Мереке соңы өнер майталмандарының концертіне ұласты
Жарияланған күні: Қаз. 1, 2018
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты