• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Талдықорғанда отбас…

Талдықорғанда отбасылық жарыс ұйымдастырылды


Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымы «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» отбасылық байқауын өткізді.


Оған аумақтық ұйымның төрағасы С.Әбдіқадыров, ұйым жанын құрылған педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Р.Серғазынова, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінен 8 отбасы және жастар кеңестерінің төрағалары қатысты.


Шараның мақсаты - бала күтіміне байланысты демалыстағы ұстаз аналарға көңіл бөлу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту. Сондай ақ, баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа, төзімділікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.


Алғаш рет ұйымдастырылған шараны білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы С.Нұрсапаұлы ашып, ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, жарыс жайында ақпарат беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Отбасылық байқауда мұғалімдердің 1-3 жас аралығындағы балалары жас айырмашылығына қарай еңбектеп, белгіленген қашықтықты көлікпен жүріп, шашылған шарларды себетке жинап, өзара бақтарын сынады.


Ал, ата-аналар «Мықты отбасы», «Арал» кезеңдерінде бір-біріне демеу болып, арнайы жасалынған кедергілерден бірлесе өтіп, шыныққандарын дәлелдесе, «Диктант» сайысында оқушы кездеріне саяхаттап, қазақ тілінен сауаттылықтары тексерілді.


Соңғы «Үй тапсырмасы» кезеңде отбасы мүшелері толық қатысып, өнерлерін көрсетті.


Әділқазы алқасының шешімімен бағы мен бабы келіскен Алакөл ауданынан келген Толеубековтер отбасы 1 орынды, Ескелді ауданынан Каметжановтар отбасы 2 орынды, Қаратал ауданынан Бараковтар отбасы 3 орынды иеленіп, жүлдегерлер ақшалай сыйлық және дипломдармен марапатталды. Қалған отбасыларға номинациялар бойынша бағалы сыйлықтар табысталды.


Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі

Жарияланған күні: Қаз. 1, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты