Талдықорғанда конференция өтті
Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті кәсіподақ комитетінде есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Аталмыш жиынға білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы С.Әбдіқадыров, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қ.Баймырзаев, оқу орнындағы 6 факультетінен және құрылымдық бөлімдерден барлығы 210 делегат қатысты.
Қоғамдық бірлестіктің соңғы бес жылда атқарған жұмысын баяндаған Ерлан Хаймулданов кәсіподақтың жұмысының барлық негізгі бағыттарын қамтып, әлеуметтік әріптестік негізде университет әкімшілігімен бірлесе 736 кәсіподақ мүшесінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауда атқарған жұмысына тоқталды.
Сонымен қатар, тексеру комиссиясының есебі де назардан тыс қалмай, мүшелік жарнаның мақсатты жұмсалғанына делегеттер көз жеткізді.
Маңызды есеп беру-сайлау конференциясына қатысқан Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Нұрсапаұлы, кәсіподақ мүшелері Амангелді Камалұлы, Ерлан Сүлейменұлы, Ербол Жақсыбекұлы, Меруерт Сабитқызы комитет жұмысына оң бағаларын берді.
Жиын барысында кәсіподақ мүшелері бірауыздан комитет төрағасы лауазымына Ерлан Сейлханұлының кандидатурасын қолдап, келесі бесжылдыққа сайлады. Сондай-ақ, конференция аясында атқару комитеті мен тексеру комиссиясының құрамы жаңаланып, кәсіподақ ұйымының алға қойған мақсат- міндеттерін айқындады.
Шара соңында кәсіподақ қозғалысының дамуына атсалысқан ұйым мүшелері А.Молдақұлов, Ж.Есенбек, Қ.Ибрагимова, Ж.Асанова, Ж.Әлімбековтер аумақтық ұйымның Құрмет грамотасымен марапатталды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-