Тамыз кеңесі өтті
Ақтөбе облысының білім қызметкерлерінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты облыстық тамыз кеңесінде облыс бойынша 144 үздік педагог марапатталса, соның ішінде облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ұсынысымен Токбасова Айжан Серикбаевна – «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен, Бердешова Жанат Арғынғазықызы – Шалқар ауданы №2 Шалқар мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ