«Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылды
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Орталық комитеттің төрайымының орынбасары А.Мукашеваның 08.08.2018 жылғы № 01-09/444 хатына сәйкес, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында аудандық кәсіподақ ұйымдарындағы аз қамтылған және көп балалы, ата-ана қамқорынсыз қалған балалар және жетім балалардың жаңа оқу жылына дайындалуына материалдық көмек ретінде кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсетті.
Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 12 аудандық кәсіподақ ұйымдарынан барлығы 287 аз қамтылған кәсіподақ мүшелерінің балаларына жалпы саны – 1 млн. 425105 теңге көлемінде қаржы жұмсалып, оқуға қажетті оқу – құралдары мен киім – кешектері сатып алынды.
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ