«Мектепке жол» жалпы республикалық акцияға қатысу
Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы – жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясының белсенді қатысушысы. Биылғы жылы бастапқы, қалалық және аудандық кәсіподақ ұйымдары 94 балаға көмек көрсетті. Олар кәсіподақ қаражатынан 685,0 мың теңгеге мектеп формаларын, спорттық костюмдер, оқу керек-жарақтарын сатып алды. Алдымен жалақысы төмен кәсіподақ мүшелері – білім беру ұйымдары қызметкерлерінің балаларына көңіл бөлінді. Әдетте, бұл техникалық және қызмет көрсетуші персонал, жалғыз басты ата-аналар, көп балалы отбасылар. «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру тәжірибесі көрсеткендей, білім беру ұйымдарының қызметкерлері өзінің аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларына жеке көмек көрсете отырып өз бастамасын танытады. Кәсіподақ мүшелерінің азаматтық ұстанымы көріністерінің мысалдары бар. Көмек баланың сезіміне нұқсан келтірмей, достарының алдында ыңғайсыз жағдайларға ұшырамайтындай жасалады. Акция аясында конкурстар, сайыстар өткізіліп, жеңімпаздарға қажетті мектеп жабдықтарынан, киімнен тұратын сыйлықтар беріледі.
Биыл «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының» анасы ауыр сырқат баланы толығымен мектепке дайындау міндетін алды. Иван Ф. киіммен, мектеп жабдықтарымен жылдың барлық маусымына толық қамтылды.
«Мектепке жол» - қоғамның еліміздің жас азаматтары үшін жауапкершілігі көрінісінің қайырымдылық акциясы.Жалпы республикалық қайырымдылық іс-қимыл акциясы жалғасуда.
ҚБ аппаратының бас маманы А.Ф.Арынова
-
Фото
-