ҒАЛЫМДАР – КӘСІПОДАҚТЫ ҚОЛДАЙДЫ
Ағымдағы жылдың 20 шілдесі күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ ұйымдастыруымен облыс орталығындағы жоғарғы оқу орындардың оқытушы-профессорларымен «Жоғарғы оқу орны және кәсіподақ» атты дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шараға 3 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаттары мен кәсіподақ қозғалысының белсенділері қатысып, бүгінгі қоғамдық өмірдегі ұйымның алатын орны мен рөліне кеңінен тоқталды. Республикаға танымал ғалымдар Ә.Қ. Мұқтар, А.Қ. Ахмет, Ө.Қ. Бекежан, М.Т. Мукашева, Б.С. Нығмет, Г.Қайырғалиева және т.б. сөз сөйледі. Мәжілісте осы жылдың қараша айында кәсіподақ қызметінің мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізуге шешім қабылдады.