• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗДАР…

ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗДАР ҚОЛДАУҒА ИЕ


«Жолдау жолымен – білім биігіне» тақырыбында үстіміздегі жылы аудандық білім бөлімінің қолдауымен және білім қызметкерлері аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өткен байқауда №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы орта мектептің «Яксарт» құрамасы бас жүлде иеленген болатын. Байқауда үздік өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанған ұстаздарға облыстық жарысқа қатысуға және «Қамбаш» демалыс аймағында демалуға жолдама берілген еді. Жақында «Яксарт» құрамасының мүшелері «Қамбаш» демалыс аймағында болып, үш күн демалып қайтты.
Елбасы Жолдауында білім саласы бойынша жүзеге асырылатын ауқымды міндеттер қамтылғаны анық. Жолдаудан туындаған мақсат-міндеттерді сапалы іске асыру бағытында ұстаздар қауымына жүктелетін жауапкершілік зор. Міне, осы мақсатта №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы орта мектептің шығармашыл ұстаздары «Жолдау жолымен – білім биігіне» атты аудандық байқауға тыңғылықты дайындалып, аудандағы 17 мектеп қатысқан білім бәсекесінде жеңімпаз атанды. Білікті мамандардан құрылған қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Бұл жаңа форматта жұмыс жасап жатқан іргелі білім ордасының жарқын жетістігі.
Аудандық байқауда топ жарған орта мектептің білікті ұстаздары облыстық жарыста да абырой тұғырынан көрінді. Ал, Сыр туризмінің төрі саналатын «Қамбаш» демалыс аймағындағы демалыс барысында «Яксарт» құрамасының мүшелері түрлі семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар ұйымдастырып, демалысқа арналған үш күнді тиімді өткізді. Ұстаздар бала тәрбиесіндегі басым бағыттар мен білім саласындағы жаңалықтар туралы пікір алмасып, алдағы оқу жылында атқарылатын жұмыстарды саралады. Аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен өтетін байқауларға алдағы уақытта да жастардың белсене қатысу керектігі жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Жалпы, жаһандану заманында бәсекеге қабілетті болудың негізгі көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенері хақ. Сол себепті, әрбір ұстаз білім саласына бағытталып жатқан барлық мүмкіндікті пайдаланып, шығармашылықпен айналысуы тиіс. Ал, шығармашылықпен айналысып, жақсы нәтижеге қол жеткізген ұстаздарды қолдау білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің тарапынан әрдайым көрсетіліп келеді.

Жазира ОСПАНОВА,
№210 О.Әбілпаттаев атындағы
орта мектебінің мұғалімі
Жарияланған күні: Шілде 24, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты