• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Әлемсахнасында – ат…

Әлемсахнасында – атыраулықтар


Қазақтың әуезді әндерін Атыраулық жастар шетел төрінде әуелетіп, күйін күмбірлетті! Иә, бұл – үлкен абырой, атой салып қуана айтарлықтай дүние.
Ерке есілдің жағасынан еңсесін тіктеген ару Астанамыздың жиырма жылдық мерекесіне Атыраулықтар үлкен таралғыларын тарту етті: көпір сыйлады; жиырма жылдық мерейтойға орай түбіміз бір Түркия төрінде, музыканың отаны саналатын Италия елінде өте жоғары деңгейде концерт қойды. Оны қойған облысымыздағы музыкалық бағыттағы бірден бір оқу орны Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка акедемиясы Атырау музыка колледжінің студенттері еді.
Биылғы жылы алпыс жылдық мерейтойын атап өткелі отырған оқу ордасының облыстың өнерлі жастарын оқытудағы еңбегі орасан. Бұл жерден шыққан шәкірттер бүгінде биік белестерді байыпты бағындырып жүрген кәсіби білікті мамандарға айналған.
Осыған дейін аталмыш академияның жалынды жетістіктеріне көзімізбен куә болып жүргеніміз шындық. Ал, бұл жолы шетел төрінде кәсіби деңгейде өткен «Шаттық отаны» атты концерттерін Түркияның Анкара қаласында ТРТ телеарнасынан күллі әлем халықтарымен бірге тамашалаған кезде тіптен бөлек сезімде болдық... Тікелей эфирден бүкіл түркі тілдес халықтарымыз тамашалап отырған соң біраз толқып, тақым қыстық. Бірақ, біздің таланттылар бірде-бір мінсіз, үлкен абыроймен алып істі атқарып шықты.
Дәл осы концерттік бағдарлама А.Вивальди, Н.Паганини, Дж. Пуччини, А.Скарлатти, Д.Скарлатти сынды атақты композиторлар тұрып, еңбек еткен Италия мемлекетінің Неаполь (Аверса) қаласында он сегізінші маусым күні мың жылдық тарихы бар Д.Чимарозо атындағы театр залында үлкен табыспен өтті. Концертке ҚР Италиядағы елшісі Асылбек Тауасаров және елшілік өкілдері, Қазақстан Республикасының Неаполь қаласындағы құрметті Консулы Серджио Москати, Венесуэла республикасының консулы амариллиз Граффи, Аверса қаласының коммуна өкілдері және жергілікті халық қатынасты. Концерттен соң Итальяндық талғамы биік өнер сүйер қауым өкілдері жастарымызға орнынан тұрып ұзақ қол соғып, тіпті сахнадан жібергілері келмеді. Әлем музыка өнерінің отанынан мұндай қошемет алу әр музыкант үшін зор бақыт емес пе?!
Біз талантқа тұсау салмай, керісінше қанат бітірген халықпыз. Осы орайда аталмыш оқу ордасының өнерлі өрендеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ! Өрлей беріңіздер!

Орынгүл МАХМУДОВА

Жарияланған күні: Шілде 18, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты