• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АСТАНА САПАРЫ ТЫҢ С…

АСТАНА САПАРЫ ТЫҢ СЕРПІН СЫЙЛАДЫ


Ел дамуын алға жетелейтін маңызды салалардың ішінде білім саласына жүктелетін міндет ауқымды, жауапкершілік зор.Елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақтарды тәрбиелеуде қажырлы еңбек сіңіретін ұстаздарға қандай құрмет көрсетілсе де лайықты. Серпінді Сырдария ауданында мұғалім мәртебесін көтеру ұстаздардың біліктілігін арттыру, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар көп. Яғни, жұмыс барысында жақсы жетістіктер мен нәтижелерге жеткен ұлағатты ұстаздарға қолдау жан-жақты көрсетілуде.


Жақында Астана қаласының 20 жылдығына орай облыс орталығындағы Б.Шөкенов атындағы саябақта аймақтың бірқатар ұстаздарына Астана қаласына туристік саяхатқа жолдамалар тапсыру рәсімі өтті. Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Райкүл Байназарованыңұйымдастыруымен өткен шараға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов қатысып, бізге Астана қаласына саяхаттауға тегін жолдама табыс етті.


Аталған жолдаманы ағымдағы жылдың наурыз айында өткен «Жолдау жолымен – білім биігіне!» атты байқауда жеңіске жеткен және байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлес қосқан ұстаздар иемденді. Бұл біз үшін зор қуаныш және үздіксіз ізденіске толы еңбегімізге берілген лайықты баға болды.


Аталған жолдама арқылы сырдариялық ұстаздармен бірге шілде айының 4-7 күндері аралығында еліміздің бас қаласы Астананың тарихи-мәдени орындарын аралап, сәулетті нысандармен таныстық. Есбасының тікелей бастамасымен бой көтерген «Бәйтерек» мономенті және «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі өткен алаңға, «Әзірет-Сұлтан» мешітіне, тағыда басқа нысандарға бардық. Сонымен бірге, Астананың 20 жылдығына орай Қызылорда облысынан тарту ретінде салынған «Зымырандық-ғарыштық техниканың ашық аспан астындағы музейін» араладық. Өзге аудандардағы әріптестерімізбен пікір алмасып, ой бөлістік. Бас қала сапарынан ерекше әсер алдық.


Ауданның білім саласын дамыту бағытында атқарған еңбегімізді елеп бізге зор қолдау көрсеткен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетіне, аудандық білім бөліміне, білім және ғылым қызметкерлері аудандық кәсіподақ комитетіне алғыс айтамыз. Алдағы уақытта өзімізге артылған міндетті сапалы атқару жолында аянбай еңбек ете береміз.


Жазира Оспанова,№210 О.Әбілпаттаев
атындағыорта мектебінің мұғалімі

Жарияланған күні: Шілде 13, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

  • «100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    None

  • ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН

    Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты