Алматы облысынадағы 70 астам арнаулы оқу орындарында оқу жылының аяқталуына орай салтанатты жиындар өтті
Соның бірі Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі. 36 жылдық тәжірбиесі бар білім ордасы қазіргі заман талабына сай жұмысшы мамандарды дайындап, мыңдаған түлекке білім берсе, бүгін тағы білікті мамандардың қатарын толықтырып, білімгерлерді алтын ұясынан ұшырды.
Айтулы шараға обыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова, ардагер ұстаз Маман Оспанов, білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының бас маманы Ләйлә Сағынғалиқызы, білім мекемесінің ұстаздары, ата-аналар қатысты.
Шара барысында ардагер ұстаз Маман Оспанұлы «Көркем әсемдеу жұмыстарын жүргізуші», «Электрондық есептеу машинасының операторы», «Электрондық есептеу машинасының операторы», «Бейнелеу өнері және сызу пәнінің негізгі орта білімберу мұғалімі», «Телекоммуникациялық желілер және жүйелер бойынша электромонтер» мамандықтары бойынша оқуда озат болған 24 білімгерлерге үздік диплом табыстап, ақ батасын берді. Қалған 126 түлекке мекеме басшылары, кәсіподақ өкілдері салтанатты түрде дипломдарын табыс етті.
Сонымен қатар, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің мұғалімдері Елжас Кеңесбай, Айдар Асқаров кәсіби білім берудегі еңбегі үшін Талықорған аумақтық ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Салтанатты шара соңы түлектердің концерттік бағдарламасына ұласты.
Білім және ғылым қызметкерлерікәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-