• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «Кәсіподақ жастары-…

«Кәсіподақ жастары-ой жарыстырар!» облыстық жазғы жастар лагері


Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады»- деген болатын.


Міне, осы орайда ұлттық кодты қалыптастыру мәселесін жас ұстаздарға жеткізу, жастар саясатын әрі қарай дамыту, жастарға барынша қолдау көрсетіп, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағыттау, қоғам өміріне белсене араласуын, қызығушылығын арттыру мақсатында Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Кәсіподақ жастары - ой жарыстырар!» тақырыбында дәстүрлі облыстық жазғы лагері маусым айының 24-26 күндері Арал ауданындағы «Қамбаш» лагерінде өтті.


Лагерьдің ашылу салтанында «Кәсіподақ - менің қолдаушым!» тақырыбында аудандық кәсіподақ жастар қанатының үгітбригадалары өнер көрсетті. Жас педагогтардың көшбасшылық, кәсіби қабілеттерін дамытуға және жобаларды жүзеге асыруды үйренуге бағытталған «Жас кәсіподақ көшбасшысының оң имиджін қалыптастыру», «Жастар және ақпарат», «Жастардың әлеуметтік дамуы», «Бизнес сананы қалыптастыру және дамыту», «Кәсіподақ көшбасшыларын дамытатын стратегиялар»тақырыбында тренингтер,TEAM BULDING интелектуалдық ойын, «Фант», «Ғимарат» топтық ойындар өткізілді.


Ұстаз бір ғана мамандық иесі емес, ол бойына сан өнерді тоғыстырған, үнемі ізденіс үстінде жүретін ерекше тұлға. Барлық аудандардан келген педагогтар өздерінің шеберліктерін танытып, өнерлерін ортаға салып «Ұстаз.Ұстаным.Ұмтылыс» тақырыбында сахналық қойылым көрсетті.


Бағдарлама бойынша «Көңілге түйгенім...» мүшайрада көшбасшылар 3 күнде алған әсерлерін өлең жолдарымен жеткізді. Көшбасшылар сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытуға да үлес қосып, тынығушылар «Green stars», «Руханият», «Болашақ», «Ерекше» төрт топқа бөлініп, эстафеталық сайысқа қатысты.


Кәсіподақтың жас белсенділері тарихы терең ғажайып Арал мекеніне саяхаттап, туған жердің тарихымен етене танысты. Шипалы, емдік қасиеті бар Қамбаш көліне шомылған белсенді топ өкілдері табиғат аясында арқан тартып, гір тасын көтеріп, қол күрестірді.


Жас көшбасшылар осылайша жан-жақты қырынан танылып, мықтылықтарын дәлелдеді. Үш күндік шарада тасада қалған жан болған жоқ. Бірі білімділігімен көзге түссе, бірі өнерімен өрге жүзді, ал енді бірі спортта үздік атанып, марапат биігінен көрінді.


Лагерьде түрлі шараларға қатысып, белсенділігімен көзге түскен бірқатар кәсіподақ көшбасшыларына арнайы номинациялар табыс етілді. Мәселен, Қуандық Изкенов «Лагерь жұлдызы», Үсенов Бауыржан «Команда жанашыры», Айдана Абдуллаева «Жаңалық жаршысы», Самат Сейткулов «Лагерь барысы», Батырхан Максимбетов «Жүзден жүйрік», Баекеева Алтынай «Үздік блогер», Фархад Әбілмажинов «Жігіттің сұлтаны», Гаухар Төлебаева «Лагерь аруы», Фатима Сқақова «Ең жас кәсіподақ көшбасшысы», Құрмаш Шынар «Ұшқыр ой», Ерсұлтан Мұстафаев «Үздік роль сомдаушы» номинациялары бойынша марапатталды.


Міне, жас кәсіподақ көшбасшылардың үш күндік жазғы лагері осылайша қорытындыланды. «Сөз шебері» номинациясының иегері Жасұлан Серіктің көңілге түйген өлеңі.


Демеушім, дем берушім – Кәсіподақ


Бұйыртса бармақтайын басыңа бақ
Болғаны ғұмыр дейтін көшің абат
Дарынды хәм талантты жастарыңды
Қамбашқа жинаған ғой кәсіподақ!


Бұл жақта барлығы дос, бауыр бәрі
Жақынына қол созар жанындағы
Бір-біріне дем беріп қошеметтер
Талантымен көрінер дарындары


Төрінде тек әділет малдас құрған
Үш күнін үмітіне алмастырған
Мерекелі лагерьді кәсіподақ
Жыл сайын әр ауданда жалғастырған


Әр күн қызық, күтетін таңды асыға
Дәл мұндай қызық күндер бар ма, сірә?
Кәсіподақ жастардың демеушісі
Айналған серігіне, жан досына.


Көмейіне тас тығып көп күдіктің
Ұшқыны бар жанарда оттылықтың
Бедеріне айналар бектіліктің
Жастарында ізі бар тектіліктің


Жандырған жастарымның талай бағын
Шырқатқан адалдықтың арайлы әнін
Достық, сағыныш, махаббат сезімдерді,
Бір арнаға сыйдырған қалай бәрін?


Шешілгені тілдегі шедерімнің,
Жанылғаны жаныма шегерімнің
Тренерлер доп басып қыл пернені,
Қыр мен сырын үйретті бұл өмірдің


Қайырылып келіп қалды қайтар күнім,
Қимастыққа айналды шайпау жырым.
Кәсіподақ жасай бер, өс, өркенде,
Мен саған алғысымды айтам бүгін


Достық тәлім алған соң жақсы жаннан
Дәл осы сәт жанардан жас шығарған
Қош аман бол достасқан, аға-бауы,
Тағы да жолуғыды жазсын Аллам!


Қызылорда облысы, Ескалиева Гүлнар

Жарияланған күні: Маусым 27, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты