Атқару комитетінің отырысы өтті
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымы кезекті атқару комитетінің отырысын өткізді. Оған аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен есепшілері қатысты.
Жиынды Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің атқарған жұмысына тоқталды.
Шара барысында Ләйлә Сағынғалиқызы Талдықорған аумақтық ұйымының ақпараттық жұмыс тиімділігі туралы баяндама жасап, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында аумақтық, аудандық және қалалық ұйымдардың ұйытқы болуымен 450 астам шара өткізгендігін, бұқаралық ақпарат құралдарына 403 материалжарық көргендігін жеткізді. Сондай-ақ, өткен жылдан қарағанда кәсіподақ комитеттерінің белсенділігі артып, әлеуметтік желімен жұмыс істеу қарқыны артқандығын айтып өтті.
Келесі мәселе бойынша Алакөл аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Кенжебек Алпысбаев сөз алып, қоғамдық бірлестіктің жарғылық мақсат-міндеттерін орындауда атқарған жұмысын баяндап берді.
Сонымен қатар, күн тәртібіне сәйкес Талдықорған сервис және технологиялар колледжі қызметкерлеріне әлеуметтік және экономикалық кепілдіктер беруі, Талдықорған қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатындағыеңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік Кеңестің жұмысы қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
Шара соңында кәсіподақ ұйымының басшысы Садық Нұрсапаұлы ұйымдастырушылық, идеологиялық және қаржылық-шаруашылық жұмыс бойынша бірқатар тапсырмалар беріп, алға қойғанміндеттерді айқындады.
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы Талдықорған аумақтық
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-