Астана күні Ақтөбеде
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруыменАстана қаласының 20-жылдық мерекесіне орай салтанатты шара 2018 жылдың 26 маусым күні өтті.
Шара қонақтары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасарыТоқжанов Марат Лұқпанұлы,Ақтөбе облысы аймақтық кәсіподақтар Орталығының төрағасы Әмірғалиев Алтынбек Аманұлы,«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ағниязов Нұрхан Сабыржанұлы,«Өрлеу» педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институтының директоры Абишева Нұргүл Молдабайқызы,Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының басшысы Джармагамбетова Бакдагул Сансызбайқызықатысты.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Р.Серікова салтанатты шараны ашып, кәсіподақ жұмысымен таныстырды.
Көп жылдар бойы білім саласында еңбек етіп, әлеуметтік серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқаны үшін «Білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының басшысы Б.Джармаганбетова, Қобда көпсалалы колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Сәдуақасов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Р.Бекназаров Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен және облыстық кәсіподақтан ақшалай сыйақымен марапатталды.
Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі шығармашылық жетістіктері үшін жыл сайынғы дәстүр бойынша 50 аудандық және облыстық мектептердің үздік ұстаздары Жамбыл облысындағы «Мерке» шипажайына облыстық кәсіподақ есебінен демалуға Сертификаттар мен облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақтың бірлескен Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сонымен қатар білім басқармасы мен кәсіподақтың бірлескен Құрмет грамоталарымен әр ауданнан бір мұғалім – бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшысы, барлығы 13 адам марапатталды және сыйақыларға ие болды.«Өрлеу» Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 4 кәсіподақ мүшесі, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 2 қызметкері және Ақтөбе облыстық «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушісі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің түлегі С.Айсаутова облыстық кәсіподақ есебінен шипажайда демалуға Сертификаттармен марапатталды.
Салалық кәсіподақтың ұйымдастырумен болатын Ақтау қаласындағы жазғы жастар лагеріне облыстың 3 жас ұстазы Жолдамамен,облыстық «Кәсіподақ» конкурсының жеңімпаздары 7 білім мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы, 9 білім беру мекемесіоблыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Сенсорлық үйшік» дидактикалық құрал» конкурсының жеңімпаздары ақшалай сыйлық Сертификаттарымен марапатталды. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары да назардан тыс қалған жоқ.
Шараға аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, ұстаздар – 150-ге жуық кәсіподақ мүшелері қатысып, марапатталды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-