• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ – СЕНІҢ Қ…

КӘСІПОДАҚ – СЕНІҢ ҚОРҒАНЫҢ!


Мерекеге орай Жуалы аудандық кәсіподақ комитетінде бірқатар сауапты да сапалы шаралар өтіп, мереке кәсіподақ белсенділерінің күшімен айшықтала түсті.
«Кәсіподақ – сенің қорғаның!» атты негізгі салтанатты жиын «Аягүл» балабақшасында басталды. Жаңа типтік үлгіде салынған, су жаңа жиһаздар қойылып, кілемдер төселген балабақшаның мәжіліс залында аудандық филиал төрайымы Гүлнұр Қадырбек салада тындырымды еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді облыстық білім басқармасы мен кәсіподақтың облыстық ұйымының атынан Алғыс хаттармен марапаттады. Жемісті еңбек етіп, өкілеттік мерзімге сайланған №4 Қ.Сағындықов ОМ бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісі Г.Пашенге зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты «Кәсіподақ көшбасшысы» лентасы тағылып, арнайы әзірленген құттықтау хат тапсырылды. Ал жас көшбасшы Ғ.Мамбеталиева кәсіподақ жетекшілігіне салтанатты түрде қабылданды. Жиын соңы «Көшбасшы кім және қандай болуы керек? тақырыбындағы тренингпен жалғасты.
Мерекелік шара белсенді жастардың қатысуымен өткен оқу семинарымен жалғасты. Семинарда «Кәсіподақ ұйымдарының негізгі мақсат-міндеттері және құрылымы» тақырыбында есепші-маман А.Мұртазаева, «Кәсіптік жетістік» тақырыбында Г.Қадырбек, «Кәсіподақ мүшелігінің тиімділігі неде?» тақырыбында Г.Орымбаева дәріс оқыды. Семинар мақсаты жастардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, жастарға әлеуметтік және еңбек қатынастары, білім беру саласындағы өз құқықтары туралы мәлімет беру, жастарды кәсіподақтар қатарына тарту болды. Сондай-ақ, №1 мектеп-гимназиясының конференц залында «Демалыс түрлері» тақырыбында кәсіподақ ұйымы тарапынан 74 мекеме басшысына оқу семинары ұйымдастырылды.
Ұрпақтар сабақтастығын ұлықтау, аға буын өкілдерін ардақтау мақсатында мереке күні кәсіподақтың Жуалы аудандық комитетіне төрағалық еткен Е.Рогачеваға ерекше қамқорлық көрсетіліп, қаржылай және гүл шоқтары табысталды. Сондай-ақ, аудандық комитетте ашық есік күні өтіп, кәсіподақ заңгері Г.Орымбаева 21 азаматқа еңбек қатынастарына байланысты сұрақтарына жауап берді.
Жалпы, мереке аудан бойынша өте жоғары дәрежеде өтті. Солардың қатарында №29 орта мектебі өткізген «Кәсіподақ – ғасырлардың куәсі», №4 Қ.Сағындықов орта мектебі өткізген «Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы алтын көпір», Ы.Алтынсарин орта мектебі өткізген «Мен қандай кәсіподақ мүшесімін?», Бәйтерек балабақшасы өткізген «Кәсіподақ көшбастаушылары және проблемалары» тақырыбындағы дөңгелек үстелдер, М.Әуезов орта мектебі мен «Балақай» балабақшасының ұйымдастыруымен өткен волейболдан жарыс, «Жаңаталап» балабақшасы өткізген «Кім жылдам?», «Нұршуақ», «Боралдай» бөбекжай-балабақшаларында өткен «Біз ұжыммен біргеміз!» жарысын ауыз толтырып айтуға болады.

Перизат БАҚЫТ
Жарияланған күні: Маусым 13, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты