• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Талдықорғанда Қазақ…

Талдықорғанда Қазақстан Республикасының кәсіподақтары күніне орай сала қызметкерлері арасында «Туризм -2018» жарысы өтуде


12 маусым күні білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымы және Алматы облысының туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Туризм-2018» спорттық жарыстың ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Әсет Қыдырманов, әлеуметтік әріптес, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Оразбаев және өзге де салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров жарыстың ашылу салтанатына байланысты құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Кәсіподақ ұйымы ұстаздар мен балалардың денсаулығын нығайту мәселесін басты басымдық деп есептейді. Кәсіби мерекеге орай тұңғыш рет біздің кәсіподақ ұйымы ұстаздар арасында «Туризм-2018» жарысын өткізуде. Мақсатымыз - сала қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық туризмді дамыту, командалар арасында достықты нығайту», - деді өз сөзінде Садық Нұрсапаұлы.
Ашылу салтанатынан соң жеребе бойынша командалар спорттағы белсенділіктерін сын таразысына салды. Түрлі кедергілерді бағындыру, карта және компаспен жұмыс жасау, тауға арқанмен өрмелеп шығу, шұғыл медициналық көмек көрсетусияқты сындардан өтіп, шеберліктерін көрсетті.
Спорттық туризмді дамытуға арналған бұл жарысқа 8 аудан, 2 қала және облыс орталығындағы 2 білім шаңырағында еңбек ететін, барлығы 200 - қа тарта білім қызметкері қатысып, спорттағы ептіліктері мен белсенділіктерін танытуда.
Ертең, яғни 13 маусым күні қатысушылар арасында дала асханасының ас мәзірін әзірлеуден, «Фотосуреттер», «Қабырға газеті» байқаулары өтеді және үшкүндік жарыстың қорытындысы шығарылады. Жүлдегер командалар арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының
баспасөз қызметі
Жарияланған күні: Маусым 12, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты