• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Ақтөбедегі Кәсіпода…

Ақтөбедегі Кәсіподақтар күні


Ақтөбе қаласында 2018 жылдың 8 маусымында Қазақстан кәсіподақтары күні аталып өтті. Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Сатыпалды Телағысұлы Даулеталин, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымының орынбасары Айгүл Мақсатқызы Мұқашева, Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Алтынбек Аманұлы Әмірғалиев, кәсіподақ ардагерлері қатысып, әріптестерді мейрамдарымен құттықтап, үздіктерін марапаттады. Бұл мерекеге Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы да атсалысып, бірқатар кәсіподақ мүшелері облыстық ұйымның ұсынуымен марапатталды.
Әлеуметтік серіктес – Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директоры Ж.Мухамбетпаизова «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, Облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Беисова Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасымен, 5 бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшылары Салалық кәсіподақтың «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерімен, Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Мерекелік шараның соңы екі күндік семинарға жалғасты.
8-9 маусым күндері «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, кәсіптік және техникалық білім беру, орта, қосымша білім беру мекемелерінің, облыстық мектеп-интернаттардың басшылары мен мамандары, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшылары, барлығы 160-тан астам адам қатысқан екі күндік семинар өтті.
Семинарда «2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісім және оның білім беру қызметкерлерінің еңбек дауындағы маңызы» және «Білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлері қызметінің негізгі мәселелері және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізудің жаңа жүйесі» тақырыбы бойынша Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымының орынбасары Мұқашева Айгүл Мақсатқызы және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Қыдырбаева Райхан Мамашиқызы кәсіподақ саласының жұмысымен етене таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Еңбек қатынастарын реттеуде әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімнің атқаратын ролі, еңбек заңдылықтарының орындалуы, педагогикалық кадрларды аттестаттау сұрақтары қаралды.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Каринова Шолпан Таңатқызы онлайн форматында әріптестермен пікір алысты.
Кәсіподақ көшбасшылары кәсіподақ күші бірлікте екенін дәлелдеп, игілікті істің ұйымдастырушыларына алғыс сезімдерін білдірді.

«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
Жарияланған күні: Маусым 12, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты