
КӘСІПОДАҚТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Қазақстан кәсіподақтары күніне орай Тараз қаласындағы «Достық» үйінде салтанатты мерекелік жиын өтті. Салтанатты жиналысқа Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының кеңесшісі Аманжол Жанқұлиев арнайы келіп қатысты. Сонымен қатар, бұл жиынға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, облыстық Мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов, «Нұр Отан» ХДП Орталық саяси Кеңесінің мүшесі Айнұр Келімбетова, Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов, Тараз қалалық Мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, облыстық басқармалардың басшылары мен кәсіподақ белсенділері қатысты. Айта кету керек, бұл жиынның құрметті қонақтарының бірі Қазақстанның Еңбек Ері, «Казфосфат» ЖШС-нің Бас директоры Мұқаш Ескендіров болды.
Салтанатты жиналыс Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымның кәсіподақ өкілдерін төл мерекемен арнайы құттықтауынан басталды. Жиынның форматы да жаңа үлгіде өтті. Түйіндеп айтсақ, жиынның ұйымдастырылуы мен мазмұндық сипатына қатысушылар жоғары баға берді. Видеосюжеттер, роликтер, слайдтар және ұлт аспаптық оркестр мен эстрадалық концерттік көркемдеу жақсы әсер қалдырды. Мерекелік салтанатты жиында есімі аталған құрметті қонақтар бірқатар кәсіподақ мүшелерін арнайы марапаттап, жылы лебіздерін білдірді.
Марапатталғандардың қатарында салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының мүшелері де болды. Олар, Бақтияр Жақыпбайұлы Махамедов – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымының Мойынқұм аудандық комитеті» филиалының төрағасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Ақжүніс Керімханқызы Құрмашева – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымының Біріккен комитеті» филиалының маман-есепшісі Жамбыл облыстық Мәслихатының Құрмет грамотасымен, Жанболат Тұңғышбекұлы Орынбеков - «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымының Біріккен комитеті» филиалының төрағасы Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен, Сандуғаш Есенқызы Шымырқұлова - «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымының ұйымдастыру-көпшілік жұмыстары жөніндегі маманы Тараз қалалық Мәслихатының Құрмет грамотасымен, Жанбота Амангелдіқызы Ибраимова - «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облысы бойынша ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жетекші маманы «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл жиынның тағы бір ерекшелігі, облыстағы жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымдарына мүшелік сертификат-куәліктер салтанатты табысталды және жас өрендердің ардагерлерге алғыстарын білдіріп, гүл шоқтарын табыстауы мерекенің ажарын аша түсті. Мерекелік көңіл-күй және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жаңару мен жаңғыру жолындағы сәтті қадамы, әрі өзгерістері осы жиыннан да байқалды.
Азамат ТАУАСАР,ЖАМБЫЛ облысы
-
Фото
-