• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Қазақстан кәсіподақ…

Қазақстан кәсіподақтары күніне орай өткізілген мерекелік шара


Қызылорда облысы, Сырдария ауданының №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінде «Кәсіподақ: жаңғыру мен жаңару жолында» атты білім қызметкерлері кәсіподағының облыстық мерекелік шарасы өтті.
Шараның мақсаты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жаңғырту, кәсіподақ ұйымдарының әдістемелік кабинеттерінің жұмысын жандандыру, кәсіподақтың басым бағыттарының бірі әлеуметтік әріптестікті дамыту, кәсіподақ жұмысына жастарды тарту болып табылады. Мерекелік шараға облыстың кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Сермағанбетов Серік Сағитжанұлы, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Байназарова Райкүл Мансурқызы, Сырдария аудандық білім бөлімінің басшысы Суюбаева Баян Орынбекқызы және аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, баспасөз өкілдері және бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері қатысты.
Аталған әдістемелік шараға аудандық кәсіподақ ұйымының әдістемелік кабинеті ашылып, атқарылған жұмыстармен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Алмас Зейноллаұлы мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанна Есентұрқызы таныстырып, әдістемелік кабинеттің жұмысының тиімділігін атап өтті. Әлеуметтік әріптестікті қолдау барысында аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті арасында 2018-2020 жылдарға арналған салалық келісімге қол қойды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Суюбаева Баян Орынбекқызы салалық келісімдегі тараптардың міндеттемелеріне тоқталып, ондағы сала қызметкерлеріне еңбегіне төленетін қосымша төлемақылар жайлы атап өтті.Сонымен қатар 2016-2017 оқу жылында үздік нәтижеге қол жеткізген ұстаздардың еңбегін көтермелеу мақсатында жасалған іс –шараларға тоқталды. білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Байназарова Райкүл Мансурқызы білім қызметкерлерінің еңбек етулеріне қолайлы жағдай жасап, еңбек қатынастарының заң аясында реттелуіне ықпал етіп жүрген №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейін /мектеп директоры Б.Бақбергенова, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сәркеева Ж/, және №131 Талғат Қозыбаев атындағы орта мектебін /мектеп директоры Л. Палымбетова, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сәркеева Ж/ «Үздік әлеуметтік әріптес» номинациясымен марапаттады.
Кәсіподақ жастар кеңесі мүшелерінің мерекелік шарасынан басталып, одан әрі шараға келген қонақтар мектеп-лицейіндегі «Рухани жаңғыру» кабинетінің жұмысымен танысты. Мерекелік шарада облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Сермағанбетов Серік Сағитжанұлы облыстық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамотасымен және білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансурқызы 10 жылдан аса кәсіподақ саласында еңбек еткен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларын «Білім қызметкерлер кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапаттады, сонымен қатар білім саласында қызмет етіп жүрген «Алтын алқалы» батыр аналарға «Таң Нұры» шипажайына жолдама табыстап, бірнеше кәсіподақ белсенділері құрмет грамотасымен марапатталды. Семинар соңында «Жалын» тынығу лагеріндегі ұйымдастырылып жатқан балалардың жазғы демалысын көріп, ондағы робототехника, қол өнер, бейнелеу өнері,тоқыма үйірмелерінің жұмыстарымен танысты.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы» ҚБ
төрайым орынбасары Ескалиева Г.Б.
Жарияланған күні: Маусым 8, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты