.jpg)
Алғадағы Кәсіподақтар күні
Ақтөбе облысы Алға аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Еркусимова Қазақстан Кəсіподақтары күніне орай бастауыш кəсіподақ ұйымдарының көшбасшыларына арналған салтанатты мерекелік шара өткізді. Жиын аудандық білім бөлімінің басшысы, əлеуметтік серіктес М.Тулеуовтың құттықтау сөзімен басталды. Шара барысында кəсіподақ ұйымының төрайымы кəсіподақ қозғалысының дамуы мен нығайтуына қомақты үлес қосқаны үшін кəсіподақ белсенділерін аудандық жəне облыстық Құрмет грамотасымен марапаттап, жиын сазды əнге ұласып, мерекелік дастархан жайылды. Сонымен қатар ауданның барлық бастауыш кəсіподақ ұйымдарында «Кəсіподақ күні» мерекесі түрлі шаралармен, эстафеталық жарыстармен, дөңгелек үстелдермен жалғасын тапты.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-