• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Облыстық білім қызм…

Облыстық білім қызметкерлерінің «Білгірлер бәйгесі»


10 маусым – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары күніне орай Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы» ҚБ ұйымдастыруымен Сырдария ауданы №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінде облыстық білім қызметкерлерінің «Білгірлер бәйгесі» атты интеллектуалдық сайысы өткізілді.
Елбасымыздың «Кәсіподақ әрқашан жалдамалы жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын ықпалды ұйым ретінде болған және болады да» деген сөзі кәсіподақтарға білдірілген зор сенім мен олардың алдына қойылған бүгінгі уақыт талабы екені даусыз.
Кәсіподақ қоғамымыздағы болып жатқан өзгерістерден шет қалмай ұстаздар қауымымен жастардың әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда еліміздегі заң аясына сәйкес әлеуметтік әріптестіктің үлгісін көрсетіп, ұстаз игілігіне өз күш жігерін жұмсап жүрген қоғамдық ұйым. Қоғамдық ұйымның жұмысының пәрменді болуы оны басқарып отырған көшбасшысына байланысты екені сөзсіз дей келе бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының құқықтық, интеллектуалдық білімдерін, жұмыс істеу барысында жинақтаған тәжірибелерін көрсету мақсатында өткізілген болатын.
«Білгірлер бәйгесін» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы Шакизат Қаратайұлы өте жоғары деңгейде өткізді.
Сайысқа Арал ауданы №13 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қосымбаева Жұмакүл Қарасайқызы; Қазалы ауданы №103 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Тоқсанбаева Биғанша Мырқышайқызы; Қармақшы ауданы №29 мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жалғасбаева Гүлмира Шәмшатқызы; Жалағаш ауданы «Ақмаржан» бөбекжайының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Турганова Гүлшат Қуанышқызы; Шаған ауылындағы №37 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Дүйсенов Төребек Сейдәзімұлы; Шиелі ауданы М.Шоқай атындағы №41 орта мектебінің Бастауыш ткәсіподақ ұйымының төрағасы Ералиев Мырзалы Ағыбайұлы; Жаңақорған ауданы №168 Төлегенова Мадина; Қызылорда қаласы №112 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сармолдаева Айгүл Тлеубергенқызы қатысты.
Қатысушыларға баға беріп, қорытындылау үшін қазылар алқасының төрайымы Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансүрқызы және Қармақшы аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Молдабаева Жұлдызай Кетебайқызы мен
Шиелі аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Құдайбергенов Рысдаулет Ибрагимұлы қазылық жасады.
Сайыс барысында сұрақтар зырылдауық арқылы таңдалып экраннан қойылып отырды. Білгірлерге қарсы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ БКҰ төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы; Кәсіподақтар орталығының бас маманы Боранбаева Майра Кәдірбекқызы; №8 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының БКҰ төрайымы Айдарғазиева Құттықыз Әбдіғаниқызы; Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары Ескалиева Гүлнар Бабабекқызы; Облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық қызмет жөніндегі бас маманы Утегенова Нұргүл Сабырқызы; Облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық қызмет жөніндегі маманы Жұбатқанов Ербол Жүнісұлы; Облыстық кәсіподақ комитетінің бас есепшісі Төребаева Марал Дүйсенбайқызы және одан бөлек логикалық, блиц сұрақтар және Қара жәшік сұрақтары қойылды.
Сайыс барысында өзінің мықты кәсіподақ көшбасшы екенін, логикалық ойлау қабілеттерінің жоғары және еңбек заңын жақсы меңгергендігін Қызылорда қаласы №112 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сармолдаева Айгүл Тлеубергенқызы мен Шиелі ауданы М.Шоқай атындағы №41 орта мектебінің Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ералиев Мырзалы Ағыбайұлы көрсетіп, үздік ойыншы ретінде сыйлықпен марапатталды. Сайыс соңы одан әрі еркін ұсыныстар білдіріп, сұрақ қойып, өзара пікір алмасуға ұласты.
ҚР Кәсіподақтар күніне орай өткізілген «Білгірлер сайысы» қәсіподақтар жұмысының жаңа форматы ретінде көрініс тауып, біздің уақыт талабына сәйкес жаңару мен жаңғыруымыздың белгісі деп білеміз.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымы» ҚБ
құқықтық қызмет жөніндегі бас маман
Утегенова Н.С.
Жарияланған күні: Маусым 7, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты