Кәсіподақ төрағаларының басқосуы
Ақтөбе облысы Байғанин аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы маусым айының басында Қазақстан кәсіподақтарының кәсіби мерекесі қарсаңында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған танымдық семинар өткізді. Аудандық кәсіподақ ұйымының көшбасшысы әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Қатысушылар өз жұмыстары туралы ой бөлісті, бастауыш кәсіподақ ұйымының күнделікті атқаратын жұмыстары туралы пікір алмасты. Әр төраға өз жұмысында қолданыстағы заңдарға сүйену керектігі айтылды. Жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарының маңыздылығына тоқталып, оларды қадағалау тапсырылды, төрағалар сұрақтарын қойып, тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіподақ жұмысында жүргізілетін жұмыстардың құжаттарын толтыру мәселесі де ортаға салынып, талқыланды, оларға қойылатын талаптар қандай екені, жұмыстардың бірізділігі болу керек екендігі туралы айтылды. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік жағдайларының жақсаруына ықпал ету, жазғы сауығу шараларын ұйымдастыру, атқарған қызметтері үшін кәсіподақ мүшелерін марапаттау, жұмыс берушілермен тығыз байланыста болу, және де басқа тапсырмалар беріліп, семинар соңында мерекелік марапаттар ұсынылды.
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ақалтын Нұрлан