• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Павлодар облысы Бая…

Павлодар облысы Баянауыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы Қазақстанның Кәсіподақтары күнін атап өтуде


Қазақстанның Кәсіподақтары күні қарсаңында Баянауыл ауданында «Кәсіподақтар күші – бірлікте» тақырыбында дөңгелекүстелжәне «Креативті шабуыл» интеллектуалды ойыныөтті.Шараға кәсіподақ ардагерлері мен белсенділері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары қатысты.


Аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнагүл Жанатқызы Нығметова қазіргі уақытта атқарылған жұмыстар аясына тоқталып, қатысушы кәсіподақ ардагерлеріне үлкен алғысын білдіріп, барлық кәсіподақ қызметкерлерін Қазақстанның Кәсіподақтары күні мерекесімен шын жүректен құттықтады.


№2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, ҚР Кәсіподақтары Федерациясының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иесі Ермек Хасенұлы Кожанов – кәсіподақ саласында атқарған жұмыстарын ортаға салып, келешек жастарға үлгі боларлықтай тарихи оқиғаларымен бөлісіп, өз ойын ортаға салып, пікір білдірді. Ал Жаяу-Мұса атындағы балалар өнер мектебінің ұстазы Бибігүл Борисқызы Макарова – ұжымды біріктіріп, аудандық, облыстық деңгейде өткізілетін түрлі сайыстарға белсене қатысуға шақырды, өзінің оң пікірлерін, ақыл кеңестерін де көпшілік қауымға жеткізді.


«Ұжым ­­­– дегеніміз қоғамның бір бөлшегі. Ұжымды тұрақтылыққа баулу, еңбек дауларына, жанжалдарға жол бермеу, оларды дұрыс бағытта шешу, ұжымдық шарттардағы әлеуметтік кепілдіктердің орындалуы мен жүзеге асуын, еңбекақының дұрыс төленуін, қауіпсіздік ережелерін сақтауларын қадағалауды шақырды» - деп, Баянауыл ауданының №2 жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі Зинат Сүйкенқызы Байшина ойын қорытты.


Сонымен қатар, игі бастамалардың ұйытқысы болып, ерен еңбегімен көзге түсіп жүрген кәсіподақ белсенділерін және шақырылған қонақтар алғыс хатпен марапатталып, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.


Креативиті шабуыл – интеллектуалдық топтық командалық ойын болғандықтан, тапсырмалар ретінде ашық міндеттер ұсынылды (шығармашылық, зерттеушілік, тапқырлық, әлеуметтік мүмкіндіктер) болды.


Қатысушылар үш топқа бөлініп (1 топ – Алғырлар, 2 топ – Тапқырлар, 3 топ – Ойшылдар), тапсырмалар берілді. Әр топ берілген сұрақтарға жауап бере отырып спикерлері қорғап шықты.


Қатысушылардан ойлау жүйелілігі мен өзгешілікті, өз ойын нақты және анық жеткізу, өз көзқарасын дәйектелген түрде дәлелдеу дағдыларын талап етеді. Ойын кәсіби көсбасшылардың танымдық шығармашылығын дамытуға бағытталған. Қатысушылар өздерін өте жақсы көрсетті. Бұл ойын өміріміздің кішігірім жобасы деп атауға болады.


Барлық командаларға қатысқаны үшін ақшалай сыйлықтар берілді.


А.Ж. Нығметова,Павлодар облысы Баянауыл
аудандық кәсіподақұйымының төрайымы

Жарияланған күні: Маусым 5, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты