• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Талдықорғанда аумақ…

Талдықорғанда аумақтық кәсіподақ ұйымының активі өтті


4 маусым күні білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының активі өтті. Актив жұмысына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Амантаева Майра Тұрғанқызы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гүлсара Тастандықызы, комитет мүшелері қатысты.
Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров қоғамдық бірлестіктің атқарып жатқан жұмысына тоқталып, алға қойған мақсат – міндеттерді айқындап берді.
Алқалы жиын барысында сөз алған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Майра Амантаева республика жаңалықтарымен бөлісті.
«Қазіргі таңда кәсіподақтар қозғалысы жаңару үрдісіне бет бұрды. Алдымызда еңбек адамының әлеуметтік статусын көтеру, өмір сүру сапасын жақсарту, жастар арасында еңбек рөлін насихаттау сияқты үлкен жұмыстар тұр», - деді өз сөзінде Майра Тұрғанқызы.
Актив барысында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы М.Амантаева білім және ғылым саласы қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауда белсенділік танытып, кәсіподақ саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Тұрлыбеков Мақытбек Әділұлына, Талдықорған қаласындағы №4 орта мектептің директоры Оңғаров Алматай Ерметайұлына алғысын айтып, «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін тапсырды.
Соңында кәсіподақ белсенділері ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің символына және Талдықорған қаласының сәніне айналған 92 метрлік мемлекеттік тудың қасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетіп, естелік суретке түсті.

Білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының
баспасөз қызметі
Жарияланған күні: Маусым 5, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты