• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАСТАРҒА …

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР


Кәсіподақтар күні – бұл белсенді азаматтық ұстанымы бар, ынталы, өз жұмысымен кәсіподақтар тарихын жасайтын, әлеуметтік әріптестікті дамытуға үлес қосатын адамдардың күні. Мереке қарсаңында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымы жас жұмыскерлерге арналған семинар ұйымдастырып, өткізді.
Шара жас кәсіподақ белсенділерінің бір қатарға тізіліп, алақандарын жүрек тұсына қойып Мемлекеттік Гимнді орындаудан басталды. Республика бойынша өтіп жатқан мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге байланысты бір мезгілде әнұранды орындау шарасына барлық мекемелер мен ұйымдар қатысты. Мұндай шарадан кәсіподақтар да қалыс қалмады.
«Кәсіподақ және жастар: болашақ бүгіннен басталады» тақырыбындағы облыстық семинардың алғашқы сұрағын Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков «Кәсіподақ ұйымдарының негізгі мақсат-міндеттері және құрылымы. Кәсіподақ мүшелігінің тиімділігі неде?» деген сұрақпен бастап, жастармен аталған тақырып төңірегінде әңгіме өрбітті.
- Заманауи жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды кәсіподақтар қатарына тарту, кәсіподақтың жастар қанатын құру, олардың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесу – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, тұлғалық келбетін қалыптастыруға, мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жұмыстар біздің күн тәртібінен түскен емес, - дейді Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков.
Сондай-ақ, семинар барысында төраға орынбасары-бас инспектор Берік Баймағамбетов «Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт – сала өкілдерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау құралы», Кәсіподақтың Біріккен комитет төрағасы Жанболат Орынбеков «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізудегі өзгерістерді тәжірибеде қолдану», «Еңбекші» кәсіподақтық басылымының бас редакторы Бейбіт Бекназаров «Кәсіподақтың ақпараттық саясаты. Кәсіподақтағы PR кампания» тақырыбында дәріс оқыды.
Семинар жұмысшы жастардың әлеуметтік, мәдени дамуына, жастарға тәрбие мен білім беру, кәсіподақ жұмысына жаңа формалар мен тәсілдер енгізу, қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыру, жастардың әлеуетін кәсіподақ ұйымдары және оның мүшелері үшін пайдалануға жәрдем ету мәселесін сөз етумен мазмұнды болды. Құқықтық қызмет басшысы-Бас инспектор Берік Баймағамбетов өз сөзінде еңбек етуші жастардың құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік қорғау бойынша шаралар облыстық кәсіподақ ұйымының жастар саясатының негізгі міндеттері болып анықталғанын, олар біздің даму жоспарымызда, салалық облыстық, аудандық келісімдер және ұжымдық шарттарда қарастырылғанын баса айтты.
Семинардың басталуына дейін қатысушылардан «Қандай сұраққа жауап алғыңыз келеді?» деген сауалнама жүргізіліп, семинар соңынан кез-келген жас көкейінде жүрген еңбек заңнамасы мен өзге тақырыптарды қамтитын сұрақтарға жауап ала алды. Семинар соңында дәстүрлі түрде оқу орталығының сертификаттары табыс етілді.

Перизат БАҚЫТ
Жарияланған күні: Маусым 4, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты