.jpg)
«Үздік кәсіподақ көшбасшысы – 2018» байқауы
«Кәсіподақтардың негізгі міндеті – еңбеккер мен жұмыс берушілер арасында туындайтын мәселелерді дер кезінде шешу, ал ол үшін кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдары барлық тараптармен тығыз ынтымақтастықта болуға тиіс». Н.Назарбаев.
10 маусым – Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесіне байланысты Ақтөбе облысы Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ұйымдастыруымен «Үздік кәсіподақ көшбасшысы – 2018» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен беделін арттыру, кәсіподақ мүшелерінің кәсіби мүдделерін, әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғауды жандандыру. Сайысқа қатысқан көшбасшылар ұжымындағы атқарылып жатқан кәсіподақ жұмысы туралы портфолио жасақтап, эссе жазды, еңбек заңдылығы мен ұжымдық шарт және т.б. сұрақтарға жауап берді.
Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Д.Есенғазина бас жүлдені жеңіп алып, емдеу-сауықтыру шипажайына жеңілдікпен жолдама алса, І орынды Амангелді орта мектебінің көшбасшысы М.Әбдірзақ, ІІ орынды Саға мектеп-балабақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.Бікірова, ІІІ орындарды Ойыл қазақ орта мектебінің кәсіподақ төрайымы Р.Базарова мен Жамбыл мектеп бала-бақшасының көшбасшысы А.Шотықовалар қанжығаларына байлады. Жыл бойы белсене жұмыс жасаған әріптестерімізге Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Кәсіподақ-қай уақытта да еңбек адамымен бірге. Сондықтан, кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғаудағы, еңбек заңдылықтарының орындалуын бақылаудағы жұмысымызды жандандыра береміз.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-