.jpg)
Халықаралық балалар күні
Бүгін 1-маусым – Халықаралық балалар күнініе орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Бастауыш кәсіподақ ұйымы университет оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына арнап «Бақыттымыз бәріміз!» атты мерекелік ойын-сауық шарасын ұйымдастырды. Ойын-сауықта театрландырылған қойылым болып, ертегі әлеміндегі түрлі кейіпкерлер балалардың көңілін көтерді. Мерекеде сондай-ақ тәтті балмұздақ пен ұлпадай мақта, қызықты сыйлықтар таратылды. Балалардың қуанышында шек болмады. Бар жақсымыз – балаларға! Әр күніміз тосынсыйға толы болсын!
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-