
Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының есеп беру, сайлау конференциясы өтті
2018 жылдың 29 мамыр күні, Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының есеп беру, сайлау конференциясы өтті. Конференцияны алғы сөзбен «Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтар одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ - нің төрайымы Тарбия Анайбекқызы ашты.
Жиналысқа сайланған 34 өкілдің 30 - ы және 10 арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Есеп беру, сайлау конференциясының басында конференция төрағасы және хатшысы сайланды. Конференция барысында мандат комиссиясының құрамы сайланып, кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы, тексеру комиссияның жұмысы туралы есебі тыңдалды. Оған қоса, облыстық есеп-сайлау кәсіподақ конференциясының өкілдері, кәсіподақ комитеті төрағасы, кәсіподақ комитеті, тексеру комиссиясы және тексеру комиссиясының төрағасы сайланды. Жиналыс барысында бірінші жиналыстың күн тәртібімен таныстырылды.
Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер:
1. Баяндама: Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы филиалының 2017 жылғы жүргізілген жұмыс қорытындыларының есебі;
2. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының комитетіне төрағаны сайлау немесе қайта сайлануы.
Бірінші мәселе бойынша кәсіподақ ұйымының төрайымы Күнзира Еңсегенова өзінің баяндамасын екі бөліммен, яғни бірінші бөлімі бүгінгі таңдаңдағы кәсіподақтың ролі мен мақсатын, ал екінші бөлімде жылдық ұйымдастырылып өткізілген жүмыстарының қорытынды есебін және жұмсалған қаржы шығыны туралы толықтай айтып өтті. Кәсіподақ қоғамның бөлінбес бөлшегі екені даусыз. Өйткені, кәсіподақ ұйымының қоғаммен үндестік табуының өзі, әлеуметтік әлеуетін арттыруға себеп болып отыр.
Қазіргі таңдағы біздің қызметкерлеріміздің тарапынан қойылатын сұрақтар, «Кәсіподақ не үшін керек?», «Бізге не беріп жатыр?», - деген сұрақтар бірінші кезекте тұратындығын ашық атап өтті. Сауал барысында, еңбек қатынастарында туындаған мәселелерді шешуде нені басшылықққа аламыз? Әрине, қандай жағдай болса да ең бірінші сол жағдайға байланысты заң жүзінде бекітілген құжаттарға сүйеніп, кәсіподақ ұйымы атына түсірілген жазбаша, ауызша арыз - шағымдарға, сұрақтарға жауаптар, еңбекақы төлеу жүйесінде жіберілген кемшіліктерге, еңбек қатынасына да байланысты туындаған мәселелер өз деңгейінде орындалып келе жатқандығын баяндап өтті. Одан әрі қалалық білім бөлімі, облыстық, қалалық кәсіподақ ұйымы жанынан ұйымдастырылған мәдени-мерекелік іс-шаралар және әлеуметтік жағдайға да байланысты жүргізілген қайырмдылық қолдаулар, одан әрі әлеуметттік әріптестік пен кәсіподақ мүшелерінің мерейтойлары мен зейнеткерлікке шығатын қызметкерлердің шаралары да үнемі елеусіз қалмай, кәсіподақ ұйымы атынан қолдау жүргізіліп келе жатқандығы жеке - жеке айтылды және слаид арқылы көрсетіліп тұрды.
Баяндама соңында жарыссөзге уақыт берілді. Жарыссөзге қатысушылар тарапынан бес өкіл сөйледі және кәсіподақ ұйымының тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетіндігі, жүргізіліп жатқан жұмыстарына оң бағаларын бере келе, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының төрайымына К. Енсегенованы бірауыздан қайта сайлады.
«Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтар одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің және Маңғыстау аудандық алғыс хаттарымен кәсіподақ белсенділері марапатталды.
Конференция соңында Еңсегенова Күнзира жиынды қорытындылай келе, ендігі сайланатын кәсіподақ комитетінің құрамына ұнамды жұмыстарымен көрініп, алдағы уақытта да қызметкерлердің әлеуметтік жағынан қорғалуына ұйытқы болады деген сенімін білдірді.
«Қазақстандық салалық білім жәнеғылым
қызметкерлері кәсіптікодағының Маңғыстау
облыстық ұйымы» маманы Аманиязова
Асылтас Базарбайқызы
-
Фото
-