Жас маман – жас ұрпақ тәрбиешісі
2018 жылғы 19 мамырда Елбасымыздың «Қазақстанның киелі жерлері» және «Туған жер» бағдарламалары аясында жас мамандарды туған жеріміздің тұмса табиғатымен, терең тамырлы тарихымен таныстыру мақсатында Баянауылдың қиелі жерлеріне саяхат жасалды.
Саяхаттың мақсаты: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерге қамқорлық жасау, туған жерін, тарихын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Жастарды Жасыбай демалыс аймағынан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторы, экскурсия жөніндегі нұсқаушыАлтынбек Құрманұлы өлке тарихымен таныстырды. Жастарды әуелі Жасыбай батыр Өмірұлының кеуде мүсіні жанына жинап, қазақ-қалмақ соғысы кезінде Баянауыл даласында орын алған шайқастарда ерлік көрсеткен батарлар рухын дәріптеді
Жасыбай көлінің жағасындағы халық ақыны Жаяу Мұсаның туған жерімен, халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің «Ақытайұлы Сүлеймен» атасына, Кенесары-Наурызбай ұрпақтарының «Хоша Ханым» рухына және Жоңғар шапқыншылығының батыры Орман батыр мен ұрпақтарының мәңгілік мекеніне орнатқан құлпытасымен таныстырды.
Қасиетті Қоңыр әулие үңгіріне барды. Қасиетті ораза айында құлшылық жасау үшін Қоңыр әулие үңгіріне арнайы барған жас мамандардың арасында ораза ұстап, ауыз бекіткен жастар да болды. Жас саяхатшылар үңгірге көтерілер тұста құрбандық шалу орны – «Бас тас» шөккен түйе табиғи мүсінімен, Жаратқаннан бала тілеген адамдардың тілек тілейтін орны – Бай Ана (Ұмай ана) тауымен, денсаулық тілеген жандар көп келетін – «Жеті ана тас» тауымен, Қоңыр әулие үңгірін күзеткен барыс мүсінтасымен танысты. етеді екен. Ұлттық парк басшылығы тарапынан осынау түйіткілді мәселе оң шешімін табарына сенеміз.
Жас мамандар Кемпіртасқа да арнайы барып, суретке түсті. Сапардың екінші бөлігі Торайғыр ауылында, ақын атындағы мектепте жалғасты. Мектепте жас мамандар облыстық кәсіподақ ұйымы мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдерімен кездесті. Кездесуде облыстық кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің жұмысы талқыланды. Павлодар облыстық кəсіподақ ұйымының бас маманы, жастар кеңесінің төрағасы Ернар Иманбаев жас мамандарға кеңестің жұмысы, ондағы еңбек заңнамасымен, ұжымдық шарттармен жұмыс жасау тәртібі туралы ақпаратпен бөлісті. Жас педагогтарды ынталандыру мақсатында өткізілетін түрлі шаралармен, жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Жастар саясаты департаментінің маманы Алмас Кенжағалин жастарды жігерлі болуға, жауапты болуға шақырды. Ал, кездесу соңында педагогикалық университетінің жастар саясаты департаментінің директоры Еркебұлан Күнтуған жастармен теренингтік ойындар өткізді. Қызықты ойындардан кейін күш алған жастар жұмысқа жаңа серпінмен кірісетіндіктерін жеткізді.
Жас мамандардың күш-жігері, жауапкершіліктері мен білім берудегі жемісті еңбегі – мұғалім мәртебесін көтерудегі негізгі құрал. Саналы тәрбие, сапалы білім негізі – білімді ұстаз, білікті тәрбиеші. Біркүндік сапар жас мамандарға туған жердің түтіні де ыстық екенін, сол түтінді түзу ұшыру-жастарымыздың қолында екені түсіндірілді.
Айнагүл Нығметова,Баянауыл аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы
-
Фото
-