
Текелі қаласында «Жас Ұлан – 2018» әскери-спорттық ойыны өтті
16 мамыр күні Текелі қалалық білім бөлімі, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Текелі қалалық комитеті және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 26 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында "ЖАС ҰЛАН - 2018" әскери-спортттық ойыны өтті.
Бірнеше кезеңдерден тұрған әскери–спорттық шараға Текелі қаласындағы орта мектептерінің оқушылары мен кәсіптік колледж студенттері қатысты. Жасұландықтар салтанатты шеру, саппен ән айту, «АК-74» автоматын бұзып, қайта жинау, граната лақтыру, мылтық ату, жеке қорғану құралдарын кию, кермеге тартылу (ұлдар), шалқадан жатып көтерілу (қыздар), 800 метрлік қашықтыққа жүгіру (ұлдар) сияқты сындардар өтіп, шеберлік танытты.
Жарыс соңында барлық көрсеткіштердің нәтижесі бойынша бас жүлде №5 орта мектебінің командасына бұйырып, облыстық жарысқа жолдама алды. I орынды - №8, II орынды - №4, I орынды №1 орта мектептерінің командалары еншіледі.
Білім және ғылым қызметкерлері Текелі қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Асан Тұрсынғалиев жарысқа қатысқан оқушыларды жаттықтырып, әзірлеген алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне алғысын айтып, бағалы сыйлықтар табыстады.
Білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағы Талдықорған аумақтық
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-