ТАБИҒАТ АЯСЫНДА ӨТКЕН СПОРТТЫҚ ДЕМАЛЫС
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Текелі қалалық комитетінің ұйымдастыруымен білім беру мекемелері арасында бірінші туристік слет өтті.
Іс-шараға Текелі қаласындағы 7 мектептен 28 ұстаз қатысып, екі кезең бойынша бақ сынасты. Туристік слеттің ережесіне сәйкес қатысушылар табиғат аясында демалып қана қоймай, кросс-жорық, аспалы арқан арқылы келесі жағаға өтіп, өзен арналарын бағындыру, қайықпен жүзу, алғашқы медициналық көмек көрсету, жартасқа өрмелеп, түсу сияқты сындарынан сүрінбей өтуге тырысты.
Барлық командалар бір-бірінен қалыспай, межелеген жерден жүгіріп, секіріп өтіп, шапшаңдық, ептілік танытып.
Екі күнге созылған жарыс соңында командалар келесі нәтижелер көрсетті: № 1 орта мектептің командасы үздік деп танылып, көшпелі кубокқа ие болды. Тиісінше № 5, №6 орта мектептерінің топтары 2 және 3 орындарды өзара бөлісті. Жеңімпаз командалар Текелі қалалық кәсіподақ комитетінің медальдары және арнайы дипломдармен марапатталды.
АСАН ТҰРСЫНҒАЛИЕВ,Текелі қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы
-
Фото
-