• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Жамбыл облыстық Қоғ…

Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі тегін кәсіптік-техникалық білім беру мәселесін қарады


Таяуда Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің мәжіліс залында Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының баршаға ортақ тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасының Жамбыл облысында орындалу барысына арналған қоғамдық тыңдау болып өтті. Қоғамдық тыңдауға Жамбыл облысы аудандары әкімдерінің аталған салаға жауапты орынбасарлары, облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, білім басқармаларының басшылары, колледж директорлары, оқытушылары, қалалық, аудандық Қоғамдық кеңестердің төрағалары, жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымының және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған Қоғамдық тыңдау барысында облысымыздағы 49 жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарының осыған дейін жеткен жетістіктері сөз болып, бүгінгі күні орын алып отырған кемшіліктері бойынша алда тұрған міндеттерінің жай-күйі талқыға түсті. Тыңдауға қатысушылар ортақ мәселе төңірегінде кеңесіп, өзара тәжірибе алмасты. Осыған байланысты басқосудағы негізгі баяндаманы облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов жасаса, қосымша баяндаманы облыстық Қоғамдық кеңесінің әлеуметтік-мәдени салалар және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі комиссия төрайымы Гүлсін Орынбаева мен облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сейдахмет Сейітбеков жасады. Бұлардан соң жарыссөзге Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры Жанна Орынбаева, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек, қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Фарида Нақыш және ішкі аудит қызметінің бас маманы-мемлекеттік аудитор Медет Дәрібаев шығып, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты өз ойларын ортаға салды.
Жиынды қоғамдық тыңдау басқосуының модераторы - Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жандар Кәрібайұлы қорытты. Ол қорытынды сөзінде «Қазақстан Республикасының нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасының Жамбыл облысындағы орындалу барысы туралы» Қоғамдық тыңдаудың Ұсынымдары кезекті зерделеу жұмыстарынан соң қабылданып, жергілікті атқарушы биліктегілердің орындауына міндеттелетін жүктеме ретінде жолданатындығын жеткізді.

Перизат БАҚЫТ
Жарияланған күні: Мамыр 14, 2018
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН …

    🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

    None

  • “100 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ: ЖАС ҰСТАЗ – …

    Дәл осындай тақырыпты Қазақстан ұстаздары кәсіподағының …

  • ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАН САНАТОРИЯЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛУ ТУРАЛЫ …

    None

  • «ҚОРҒАУ» ҚБ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ «БОЛАШАҚ» САУЫҚТЫРУ …

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты