
Жеңіс мерекесімен ардагер ұстаздарды құттықтау!
9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, №156 мектептің ардагер ұстазы Байжанов Сәрсенбек пен №50 мектептің ардагер ұстазы Жолбаев Айдарды Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Сейілханов және Білім қызметкерлері кәсіподағының Шиелі аудандық комитетініің төрағасы Рысдаулет Құдайбергенов құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Өнегелі өмірін Отанды қорғаудан бастап, ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстаздарға тағзым ету, ұлықтау, ерліктерін елге насихаттау кейінгі ұрпаққа аманат!
Шиелі ауданы Қызылорда облысы
-
Фото
-