
АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ
Жастық шақтарын соғысқа айырбастап, бүгінгі ұрпаққа бақытты өмір сыйлаған аға буынға яғни Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қандай құрмет көрсетсек те артықтық етпейді. Сұм соғыс жылдары неміс әскерлеріне қарсы ерлікпен шайқасып, ұрпағына жарқын болашақ сыйлаған майдангерлердің орны қашанда төр болмақ.
Биыл сұм соғыстың аяқталып, Ұлы Жеңісті тойлағанымызға 73 жыл толып отыр. Осы айтулы мереке қарсаңында Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ардагерлерімізге құрмет көрсетті. Кәсіподақ кеңесінің төрағасы Диана Турманова мен білім саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Аманкелді Міндетбаев бастаған топ соғыстан кейінгі жылдары елге оралып, ұрпақ тәрбиесіне араласу арқылы ұлағатты ұстаз атанған Абдулла Рисметов, Әбжаппар Дайрабаев және Ергеш Ташметовтардың отбасында болып, ардақты жандарды мерекелерімен құттықтады. Жеңісті жақындатқан жандардың өнегелі әңгімелерін тыңдап, ақ баталарын алды. Сый-сияпаттарын табыстаған қонақтар ардагерлерге құрмет ешқашан тоқтамайтындығын жеткізді.
Түркістан қаласы «Ұстаз»газетінің редакторы
Журналистер одағының мүшесіА.Исхаков
-
Фото
-