
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым
Сұрапыл соғыс жылдарынан кейін Павлодар облысының білім беру саласында Ұлы Отан соғысының ардагерлері өздерінің көп жылдарын арнады. Бүгінгі таңда ортамызда қалған батыр-ұстаздарымыз саусақ санарлық: Чернышев Вячеслав Владимирович, Жидков Александр Ефимович, Солдатенко Николай Алексеевич, Малыгин Геннадий Дмитриевич, Сұлтанов Мағауия Айдарханұлы, Топтун Михаил Степанович, Бурматова Татьяна Михайловна.
Ұлы мереке қарсаңында Павлодар облысы білім беру басқарма басшысының орынбасары Роза Ақанова мен Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының өкілдері Ернар Иманбаев, Гүлшат Жәркенова Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, педагогикалық еңбек ардагерлеріне құрмет танытып, әрбіреуіне құттықтау хаттары мен бағалы сыйлықтарын табыстай отырып, аралап шықты.
Жыл сайын әрбір қуанышты күндерде ардагерлерімізге тағзым етуге оқушы жастардан бастап аға буын өкілдеріне дейін барып тұрады.
Соғыс жылдарынан соң білім беру саласына зор үлестерін қосқан педагог-ардагерлерімізбен әрдайым мақтан етеміз.
Павлодар облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-