
Ұжымдық келісімшарттың орындалуын бақылау
Облыстық кәсіподақ ұйымының «Профтренер» жобасын іске асыру мақсатында 2018 жылдың 25 сәуірінде Екібастұз қалалық кәсіподақ жұмысының оқу-әдістемелік кабинетінде Екібастұз қаласының және Баянауыл ауданының білім беру ұйымдарының әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссия мүшелері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдарының қатысуымен білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының облыстық кәсіподақ көшбасшысының педагогикалық мектебінің ұйымдастыруымен «Салалық келісімдер мен ұжымдық шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі» тақырыбында аймақаралық семинар өткізілді. Оқу кәсіподақ ұйымдарының тәжірибелі төрағаларының ішінен кәсіподақ ұйымы оқуларының жаттықтырушыларымен өткізілді.
Облыстық кәсіподақ ұйымы аппаратының бас маманы Г.О.Жәркенова қатысушылар алдындағы сөзінде ұжымдық келісімшарттың орындалуын бақылау, маңызды құжатқа талдау жүргізуде түрлі әдістер мен амалдарды қолдану тәртібіне әрі қажет болған жағдайда оған өзгеріс енгізуге комиссия мүшелерінің назарын аударды.
Мәселен, Екібастұз қаласының білім бөлімі мен «Екібастұз қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ-нің филиалы арасындағы салалық келісіммен филиал төрайымы бұл құжаттың білім саласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөнінде ақпарат берді. Баянауыл ауданының №2 Майқайың ЖОББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанар Мұратқызы Рахимова, Екібастұз қаласының Абай атындағы №2 ЖОББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айман Қайыржанқызы Жүсіпова өз ұйымдарындағы ұжымдық шарттың орындалуын бақылау жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың жалғасы тәжірибе жүзінде өтті. Қатысушылар үш топта қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз етуді, кәсіби даярлау бойынша жұмысты ұйымдастыру, қызметкерлерді қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруды, еңбек шартының қауіпсіздігін құру бойынша жұмысты ұйымдастыруды қарастыратын ұжымдық шарттың орындалуына талдау жасады. Олар пікірталас түрінде осы бағыттар бойынша талдау жасағанда, қай әдістің тиімдірек болатынын, ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қалай ұсыныстар дайындауды анықтады.
Жұмыс тобына облыстық кәсіподақ ұйымы аппаратының бас маманы Бейсенова Баян Гәккуқызы сараптамалық қорытынды жасады. Семинарға қатысушылардың назары әлеуметтік әріптестік бойынша комиссия мүшелері ретінде әрі жағдайды техникалық тұрғыдан талдай білетін педагог ретінде өз тәжірибелерін кеңінен қолданғанына назар аударылды. Әрбір ұйым жұмыскерлерінің ұжымдық шартты орындауына және жыл сайын комиссияның жұмысты орындау жөніндегі жиналысқа белсенді қатысу ұжымдық шарттың маңызды екендігін көрсетеді.
Ә.С Рахимжанова,
Павлодар облысы білім қызметкерлерінің
Екібастұз қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы
-
Фото
-