Жастар клубы құрылды
Атырау облысының білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «ЖасSTAR» жастар клубы құрылып, алғашқы мәжілісін өткізді.
Жастар клубының негізгі мақсаты жастардың белсенділігін арттыру, кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру, Елбасының жастар саясатын жетілдіру бойынша тапсырмаларын жүзеге асыру, кәсіподақ жұмысына жаңаша сипат беру болатын.
Алғашқы басқосуға жиналған жас кәсіподақ белсенділері мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Сарсенгалиева Жанар Үмбетқызы, аппарат қызметкерлері қазіргі кездегі кәсіподақтың рөлі, жастар ұстаздардың мәртебесін көтеру үшін кәсіподақтың ықпалы аясында тұжырымды ойларын ортаға салды.
Жалынды жастардың игі істерге деген ынтасы бізге де қуаныш сыйлады.
Алдағы уақытта клуб жұмысы одан әрі жалғасын табарына сеніміміз мол.
Орынгүл МАХМУДОВА,Атырау
-
Фото
-